Қаршыға Ахмедиярұлы
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қаршыға Ахмедиярұлы(Қаршымбай, 25.3.1946 жылы туған, Атырау облысы Махамбет ауданы Таңдай ауылы) -күйші-домбырашы, Қазақстанның халық артисі (1991). Алматы консерваториясын (К.Мұхитов класы бойынша) бітірген (1972).
- 1967 -91 ж. Қазақ академиясы халық аспаптар оркестрінде домбырашы, кейіннен концертмейстер, жеке домбырашы және дирижер-қызметтерін атқарды.
- 1986 -1988 ж. Мәскеу қаласында Жоғарғы дирижерлік курста оқыған. Ахмедиярұлының репертуарында отандық, шет ел композиторларының шығармалары бар.
- 1974 жылдан Алматы консерваториясында педагогикалық қызметтен (1991 ж. кафедра меңгерушісі,1994 ж. профессор) шұғылданып, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысты.
Күйлері
- "Шашақты найза, шалқар күн"(Махамбет),
- "Әсемқоңыр" (Дина),
- "Сарыарқа" (Құрманғазы),
- "Жігер"(Дәулеткерей),
- "Атырау" күйлер жинағы жарық көрген. Ол
- "Нарын",
- "Қуаныш",
- "Сағыныш",
- "Аққайың",
- "Желдірме", т.б. күйлердің авторы.
Ахмедиярұлы гастрольдік сапармен Болгария, Венгрия, Югославия, Куба, Финляндия, Франция, Италия, Үндістан, Ангола, Жапония, АҚШ, т.б. елдерде болды. Қазақстан мемлекеттік сыйлығы иегері (1982). Парасат орденімен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}