Қаржантау жотасы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тау

Сурет:Korjantau mountain.JPG
Қаржантау жотасы

ҚаржантауӨгем жотасының батысындағы тау жотасы.

Географиялық орны

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы (солтүстік етегі Сайрам ауданы) жерінде орналасқан. Келес, Өгем өзендері аралығында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 85-90 км-ге созылып жатыр, ені 15-20 км. Ең биік жері - Мыңбұлақ тауы (2823 м).

Геологиялық құрылымы

Тас көмірдің әктас, гранит жыныстарынан түзіліп, сай-жыралармен тілімделген.

Су торабы мен өсімдігі

Қаржантаудың батыс беткейінен Мұғалысай, Көкпарсай, Қаржансай, Жүзімсай, Ұялысай, Қызылатсай, Бадам өзендері бастау алып, шығысында Өгем өзені ағып өтеді. Таудың шалғынды, қоңыр топырағында бидайық, жусан, т.б. шөптесіндер, бұталар, аршалы сирек орман, жабайы жеміс ағаштары өседі.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер