Қара Жүргенұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қара Жүргенұлы (шамамен 1858, «Қарақ» бойы, Қаракөл – Қуаңдария облысы – 17.9. 1937, Қармақшы ауданы Қара уылтөбе деген жер) – қоғам қайраткері, ел ішінде беделді болған кісі. 1898 – 1901 жылдары Қаракөл – Қуаңдария болысын басқарған. Ресей патшасы әскеріне 350 түйе бермей, 1904 жылы Ырғыз түрмесіне қамалған. 1928 жылы қыркүйек айында ірі байлар қатарына жатқызылып, 1929 жылы 15 қазанда мал-мүлкі тәркіленіп, Қарқаралыға жер аударылған. Қармақшы түрмесіне қамалып, саяси қуғын-сүргін құрбаны болады. Қараның балалары діни және орысша білім алған. Балалары Қосжан, Досжан діни білім алса, ал Темірбегі (Жүргенов) орысша оқып, кейін Қазақ мемлекетінің көрнекті қоғам қайраткері дәрежесіне дейін көтерілді. Досжан Қараұлы Қарақұм көтерілісі басшыларының бірі болды. Қара 1990 жылы ақталған. {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Дереккөздер

Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қара Жүргенұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}