Қарағай өзені
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қарағай – Өлкейек алабындағы өзен.
Географиялық орны
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 146 км, су жиналатын алабы 3150 км2.
Гидрологиясы
Аңғары кең, 0,5 – 4 км. Арнасының ені 40 м-ден 125 м-ге дейін жетеді. Жайылмасы кең. Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Су тапшы жылдары арнасының көпшілік жері құрғап қарасуларға бөлініп қалады. Жылдық орташа су ағымы 0,62 м3/с. Суы мал суаруға және жайылымды көлдетіп суландыруға пайдаланылады.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>