Өлкейек
Үлгі:Өзен Өлкейек – Ақтөбе облысының Ырғыз, Қостанай облысының Жангелді аудандары жеріндегі өзен. Ұзындығы 349 км, су жиналатын алқабы 3600 км2.
Бастауы
Өлкейек Толыбай сағасынан шығыста 3 км жерде. Жантай мен Толыбай өзендерінің қосылған жерінен басталып, Балапан сағасынан оңтүстікте 15 км жерде Қызылкөлге құяды.
Гидрологиясы
Жоғарғы ағысында белесті жазықпен ағады, аңғары 1 км-ден 3,5 км-ге жетеді. Жайылмасы екі жағында 0,6-2 км. Арнасы 20-30 м, бұл бөлігінде су жазда қара суларға бөлініп қалады. Қабырға өзені сағасынан төмен Өлкейек аңғары жайпақталып 7-8 км-ге ұлғаяды. Үлкенді-кішілі қарасулар (ең ұз. 9,8 км, ені 50—60 м, тереңдігі 7 м) кездеседі. Суы тұщы, жазда кермектенеді. Жылдық орташа су шығыны сағасы тұсында 1,60 м3/сек.<ref>Қазақ Совет энциклопедиясы / Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1976, 9 том</ref>