Қаратау ұшқаты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Қаратау ұшқаты<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref> (Үлгі:Lang-la) – ұшқаттар тұқымдасы, ұшқат туысына жататын сирек кездесетін реликт өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 3 - 5 м болатын бұта.
  • Жас өркендері сарғыш түсті, сыртын түк басқан және бездері болады.
  • Эллипс немесе қандауыр тәрізді жапырақтарының ұзындығы 1,5 - 2,5 см.
  • Гүлсидамы ойық келген, гүл жапырағы түйінінен үлкенірек, жіңішке қандауыр тәрізді. Гүл тостағаншасы тісшелі, түйінінен екі еседей кіші. Күлтесі түтік тәрізді ақшыл түсті, ұзындығы 7 - 9 мм, сырты тегіс жіне ішкі жағы түкті келеді.
  • Жемісі қызғылт сары түсті, диаметрі 4 - 5 мм, шар тәріді.
  • Тұқымынан және тамыр өркені арқылы көбейеді. Мамыр - маусым айларында гүлдеп, шілде - тамызда жеміс береді.

Өсетін орны мен таралуы

Қарқара (Теріскей Алатау, Алматы облысы Райымбек ауданы) мен Қаратау жотасының (Оңтүстік Қазақстан облысы) шығыс жағындағы Берікқара тауының тасты баурайында, жартастар мен ойыстарда, сай түбінде өседі.
Қаратау ұшқатының таралу аймағы өте тар. Қорғалатын аймақ болып саналатынына қарамастан, туризмнің дамуына байланысты күннен-күнге азайып бара жатыр. Берікқара ботаникалық қорығында жеке түр ретінде өсіріледі. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Дереккөздер

<references/>