Қаратау жыланбасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Қаратау жыланбасы<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref> (Үлгі:Lang-la) – ерінгүлділер тұқымдасы, жыланбас туысына жататын көп жылдық шала бұта.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 15 – 60 см.
  • Жіңішке тамырсабағының сырты безді, түкті сабақтар дамиды.
  • Жапырақтары қандауыр пішінді, ұзындығы 1,5 – 3 см, ені 0,4 – 1,2 см, сағақсыз болады. Жапырақ тақтасы тегіс жиекті, нүкте тәрізді безді дақтары бар, өркенге сағақсыз бекініп қарама-қарсы орналасады. Жапырақ бетін жылтыр сұйықтық жауып тұрады.
  • Гүл сағағы өте қысқа. Гүліндегі безді түкті тостағанша жапырақшаның ұзындығы 10 – 15 мм, сиякөк түсті. Күлтесінің сырты безді-түкті, қоңыр-қызғылт түсті, оның ұзындығы 18 – 25 мм. Астыңғы ерін құрайтын күлтелері үстіңгісіне қарағанда 1,5 – 2 есе ірі болады. Аталықтарының жіпшесі қысқа, әрі қалың түкті. Аналығының аузы қос тілімді.
  • Тұқымы арқылы көбейеді. Маусымда гүлдеп, шілдеде жемістері піседі.
  • Жемісі – құрғақ майда (ұсақ) жаңғақша.

Өсетін орны мен таралуы

Талас Алатауының аласа таулары (Машаттау) мен Қаратау жотасының (Мыңжылқы аймағы) тастақты беткейлерінде және жартастарында ғана кездесетін өсімдік.
Қаратау жыланбасы – сирек кездесетін өсімдік, Қаратаудың эндемигі. Жылдан жылға таралу аймағының азаюына байланысты, қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.<ref>Тараз энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>