Қарабұтақ (Әйтеке би ауданы)
Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына Қарабұтақ — Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданындағы ауыл, Қарабұтақ ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Облыс орталығы - Ақтөбе қаласынана шығысқа қарай 206 км, аудан орталығы - Темірбек Жүргенов ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 59 км жерде, Ырғыз өзенінің оң жағасында орналасқан. Қарабұтақ өңірі Ырғыз өзенінің екі беті мен Ор өзенінің солтүстік-шығыс алқабын алып жатыр. Қарабұтақ жері - аса бай, сулы, нулы, құрақты көлдері бар, белуардан келетін байтақ бозды дала.<ref>Қойлыбаев Ә. Бабамнан қалған байтағым.- Ақтөбе, 2003.- 192 бет</ref><ref>А7-Ақтөбе:Энциклопедия-Ақтөбе. «Отандастар-Полиграфия» ЖШС, 2001.-748 бет.</ref>
Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 3892 адам (1886 ер адам және 2006 әйел адам) болса, 2009 жылы 2601 адамды (1269 ер адам және 1332 әйел адам) құрады.<ref name="source122">2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Үлгі:Webarchive</ref>
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 2251 адамды (1109 ер адам және 1142 әйел адам) құрады.<ref>2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары</ref>