Қараағаш (құмды алқап)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қараағаш – Мешітқұм құмының оңтүстік-шығысындағы құмды алқап. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Жиекқұм ауылының оңтүстігінде 25 км жерде орналасқан. Ең биік жері 11 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 12 км-ге созылған, енді жері 5 км шамасында. Грунт суы 1 – 2 м тереңдікте. Солтүстігінде Қияңды қыстауы, шығысында Қашар, Құрман қыстаулары, оңтүстігінде Қарабұдыр құмы мен Ащықақ соры, батысында Қызыл құмы орналасқан. Құм төбешіктерінде жусан, құмаршық, құмсағыз, қияқ, бетеге, арпабас, сүттіген, т. б. өседі. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады.<ref> Қазақстан Энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

<references />

Үлгі:Суретсіз мақала