Қапаш Қабыкенқызы Құлыш

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Қапаш Қабыкенқызы Құлыш 1949 жылы 12 мамырда Ақмола облысы Зеренді ауданының Доңғылағаш ауылында туған. Қазақ.

Әкесі - Құлышев Қабыкен, зейнеткер, түрлі жұмыстарды атқарған. Анасы - Қулышева Қазима, зейнеткер, батыр-ана. Республикалық эстрадалық-цирк өнері студиясын (1967); Т. Жургенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген (2003), эстрада әртісі.

«Экология» Қазақстанның қоғамдық халық академиясының академигі. Қазақ, орыс және ағылшын (сөздікпен) тілдерін біледі. 1966 жылдан - Көкшетау облыстық филармониясының солист-вокалисі. 1966 жылдан бөрі - «Гүлдер» республикалық эстрадалық ансамблінің солист-вокалисі, қазақтың халық әндерінің орындаушысы. «Еңбектегі озаттығы үшін» медалімен (1976), ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің грамоталарымен марапат- талған. ҚазКСР Еңбек сіңірген әртісі (1979). Көкшетау қаласының Құрметті азаматы (2005).

Діни көзқарасы - мұсылман. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстанның өркендеуі». Хоббиі - гүл өсіру. Сүйіп оқитын әдебиеті - А. Құнанбаев, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, К. Салықов.

Тұрмыс құрған. Жұбайы - Слетдинов Еркен (1946 ж. т.), саз- гер. Қыздары - Әлия (1971 ж. т.), Дина (1979 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub