Қанат Нұрахметов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қанат Нұрахметов ҚПО-да 1999 жылдан жұмыс істейді. Қазір Астана қаласы ҚПО өкілдігінің меңгерушісі және бірлескен басқару комитетінің (ББК) атқарушы хатшысы. Өзінің еңбек қызметінде Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орнын жүзеге асыру мәселелері бойынша ҚПО Б.В., 4 акционерлер компанияларының жұмысын Қазақстан Республикасы мемлекеттік билік органдарымен үйлестіруге және өзара әрекеттесуге белсенді турде мүмкіндік туғызады. Кәсіби қызметін С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетін 1984 жылы бітіргеннен кейін бастады. 1990 жылы оған химия ғылымдарының кандидаты дәрежесі берілді. ҚР Мемүнем комитетінде, ҚР Сыртқы экономикалық байланыс министрлігінде, ҚР Энергетика және отын қоры министрлігінде бірқатар жауапты қызметтер атқарды. 1993-1999 жылдары «Қазақстанкаспийшельф» және «Қазақойл» компанияларында басшы қызметте жұмыс істеді. ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің құрмет грамотасымен және Қазақстан Петролиум Ассоциациясының алғыс грамотасымен марапатталған.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<References/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}