Қазақстанкаспийшельф

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстанкаспийшельф– теңіз мұнай кәсіпорны. 1993 жылы 13 ақпанда мамандандырылған мемлекеттік компания ретінде құрылған. 1996 жылдың басынан – акционерлік қоғам. “Қазақстанкаспийшельфтің” негізгі мақсаттары – Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігінің жер қойнауындағы мұнай-газ қорын анықтау, мұнай операцияларын іске асыру; осы аймақтың биоқорларын, минералдық байлық көздерін ашу және жағалаудағы қайраңдық кен орындарының игерілуін тездету; теңіз байлығын қазіргі заманғы техника мен технологияны шет елдік компаниялардың әлемдік тәжірибесі мен инвестициясын пайдалана отырып игеру; экологиялық мониторинг; Каспий маңы аймағының өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымын жан-жақты дамыту. Бұл мақсаттарды ол “Бритиш петролиум“ және “Бритиш газ” (Ұлыбритания), “Мобил” (АҚШ) “Шелл” (Нидерланд), “Тоталь” (Франция) компанияларымен бірлесе отырып атқарады.

Компанияның стратегиялық міндеттерін жүзеге асыру үш кезеңге бөлінген:

  • Геофизикалық зерттеулер мен экологиялық мониторинг. 1994 жылдан басталып, 1997 жылы аяқталды;
  • Көмірсутекті іздестіру, барлау және оның қорын есептеу. 1997 жылдан басталды;
  • Мұнай өндіру және тасымалдау. 2001 жылдан басталды. Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігінің жер қойнауындағы көмірсутек қорларын зерттеу және игеру жөніндегі кешенді бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында 1993 жылы желтоқсанда Халықаралық мұнай компаниялары консорциумының негізі қаланды. Консорциумның мүшелігіне “Қазақстанкаспийшельф” мемлекеттік компаниясы және жоғарыда аталған шетелдік ірі мұнай компаниялары кірді. Бұл консорциумнің штаб-пәтері Алматы қаласында орналасқан, Ақтау мен Атырауда бөлімшелері бар. Басқару комитетінің төрағасы Қазақстандық өкіл – “Қазақстанкаспийшельф” мемлекеттік компаниясының президенті. Консорциумның күнделікті жұмысы үшін жауапкершілік осы компанияға жүктелген. “Қазақстанкаспийшельф” пен Халықаралық консорциум 1994 – 96 жылдары көлемі 26 мың км-ден астам сейсмикалық қималардың теңіздік сейсмикалық барлау жұмыстарын орындады, бұрын алынған 4 мың км теңіздік сейсмик. қималарды қайта тексерді; “Петро-Альянс-Сервис-Компани ЛТД“ компаниясымен бірлесіп, құрамында қазіргі технологиямен және жабдықпен жарақтандырылған 26 кемесі бар “Қазгеошельф” кәсіпорнын құрды.<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том</ref>

<ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақстанкаспийшельф|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}