Қанат Мұғынұлы Ахметов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мағына Үлгі:Infobox Biography Ахметов Қанат Мұғынұлы (1957) – дирижер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері (1998 жылы).<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9</ref>Мәскеу мемлекеттік консерваториясының оркестрлік факультетін (тромбон сыныбы бойынша, 1981 жылы) бітіріп, Ресей мемлекеттік үрлемелі аспаптар оркестрі құрамында стажировкадан (1987 – 88 жылдары) өткен.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том</ref> 1994 жылы Қазақ ұлттық консерваториясының аспирантурасын бітірді. 1982 жылдан осы консерваторияда педагогикалық қызметпен (2000 жылдан профессор) айналысты. 1990 жылдан Жамбыл Жабаев атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясына қарасты Үрлемелі аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері болып, оркестрдің көркемдік-шығармалық деңгейін көтеруге елеулі еңбек сіңірді. Үрлемелі оркестр құрамында гастрольдік сапармен Испания, Франция, Ресей және Тайваньда (1998 жылы), т.б. елдерде болып, халықаралық фестивальдар мен конгрестерде өнер көрсетті. Халықаралық тромбоншылар ассоциациясы (ІTA) мен ЮНЕСКО-ның қолдауындағы дүниежүзілік үрлемелі аспаптар оркестрі ассоциациясының (WASBE) мүшесі. 1995 жылы “Абылайдың жорығы” және “Азия дауысы” атты компакт-күйтабақтар, ал 1996 жылы үрлемелі аспаптар оркестрі бойынша қазақ композиторлары шығармаларын оқу орындарында өтуден жазған еңбегі Аустрияда басылып шықты.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref><ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала