Қанапия Темірболатұлы Телжанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Қ.Телжанов.tif
Қанафия Темірболатұлы Телжанов

Қанафия Темірболатұлы Телжанов (1 мамыр 1927, Шығыс Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы - 30 қыркүйек, 2013, Алматы) – кескіндемеші, қазақ монументті кескіндеме өнерінің негізін салушылардың бірі, педагог, қоғам қайраткері, Қазақ КСР-інің (1963) және КСРО-ның (1978) халық суретшісі, КСРО Көркемсурет академиясының корреспондент мүшесі (1967), Халықаралық жоғары мектебі ҒА-ның құрметті (1995) және ҚР Ұлттық ғылым академиясының (2003) академигі.

Өмірбаяны

Шығармашылығы

Сурет:Қ.Телжанов.Көкпар.1960ж.tif
Қ.Телжанов.Көкпар.1960 ж.
Сурет:Қ.Телжанов.Атамекен.1958ж..tif
Қ.Телжанов.Атамекен.1958 ж.
  • Алғашқы көркем шағын жанрлық туындысы – “Жамал” картинасы (1955, Мәскеу, Третьяков галереясы) арқылы одаққа танылды.
  • Қазақ бейнелеу өнеріне елеулі бетбұрыс әкелген “Еңбек адамдары” атты топтамасына (“Атамекен”, “Домбыра әуендері”, екеуі де 1958; “Көкпар”, 1960; “Тыныштық” 1964; “Кеңес”, 1966) 1967 жылы Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығы берілді.
  • Төңкеріс тақырыбындағы монументті полотнолардың “Қазақстан 1918 жылдары” (1957), “Революция күзетінде” (1980 – 81), “Бастау” (1967), “Қазан” (1970), “Бозаралдықтар” (1972) атты триптихтердің
  • тұрмыстық (“Бүркіт салу”, 1964; “Қыз қуу”, 1966)
  • ұлттық (“Абылай”, “Бостандық үшін”, 1990) тақырыптағы еңбектердің авторы.
  • Телжанов жеке басқа табынушылық кезеңінің қасіретіне (“Yйде”, 1965) алғашқылардың бірі болып қылқалам тартқан суреткер.
  • Телжановтың “Алғашқы рет” (1954), “Қарлығаш” (1958), “Күн сәулелі өлкеде” (1960), “Жеңіс” (1975, “Төңкеріс күзетінде – 11” (1988), т.б. туындыларынан лиризмге толы асқақ поэзия байқалады.
  • Суретші кескіндемелік монументті картиналарымен қатар графикалық еңбектер (“Венеция” графикалық топтамасы, 1961) жасаған. Әскери жанрдағы еңбектері үшін 1968 жылы М.Б. Греков атындағы күміс медальға ие болған.
  • “Қазақстанның бейнелеу өнері” (М., 1974; қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) және “Қазақ КСР-інің мемлекеттік өнер музейі” (А., 1981; қазақ, орыс, неміс, француз және ағылшын тілдерінде) альбомдарын құрастырып, алғы сөзін жазды.
  • 1949 жылдан Телжанов шығармалары респ., бұрынғы ТМД елдерімен қатар халықаралық көркемсурет көрмелерінде (Венгрия, (Венгрия, Финляндия, ГДР, Үндістан, Чехословакия, Румыния, Югославия, Польша, Бельгия, Цейлон, Бирма, Швеция, Дания, Ауғанстан, Моңғолия, Канада, Мексика, т.б.) қойылған. Телжановтың картиналары Қазақстанның (негізінен Алматы қаласындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде), Ресейдің (Мәскеу қаласындағы Третьяков галереясында) мұражайларында және шетелдердегі жекеменшік галереялар қорында (АҚШ, Қытай, Жапония, т.б.) сақтаулы.

Қоғамдық қызметі

  • ҚР Үкіметі жанындағы бейнелеу және сәулет өнері саласы бойынша Мемлекеттік сыйлық жөніндегі комитеттің (1962 жылдан)
  • КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет пен өнер саласы бойынша Лениндік сыйлықты тағайындау жөніндегі комитетінің (1964 – 1968)
  • Дүние жүзі мұражайлары халықаралық кеңесінің (1982, Мәскеу қаласы) мүшесі болды.
  • 6 – 7-сайланған Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің депутаты.

Марапаттары

  • “Отан”
  • “Парасат”
  • Еңбек Қызыл Ту
  • “Құрмет белгісі” ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Отбасы

Әкесі Т.Телжанов белгілі қоғам қайраткері.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>