Қамыс-Самар жайылмасы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Жазық Қамыс-Самар жайылмасы – Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының орталық бөлігінде, Қараөзен және Сарыөзен өзендерінің төменгі ағысында.
Жер бедері
Солтүстіктен оңтүстікке қарай 100 км-ге созылған, ені 50 км. Көктемде қар суы мен тасыған өзен суларының жайылуынан пайда болады. Жайылма аумағында Айдын, Сорайдын, Қандыкөл, т.б. таяз көлдерімен қатар Басыр, Домбақ, Саржан қыстаулары орналасқан. Жайылма теңіз деңгейінен 2 – 3 м төмен жатыр. Көп бөлігінде қалың қамыс, шалғынды өсімдіктер өскен. Жайылма шабындыққа пайдаланылады.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>