Қайрат Кемалұлы Кемалов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қайрат Кемалұлы Кемалов - 1958 жылы 8 қаңтарда Жезқазған облысы Жаңаарқа ауданының Атасу кентінде туған. Қазақ. Әкесі - Сейдімбеков Кемал. Анасы - Сейдімбекова Бәтеш. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының театр факультетін бітірген (1978), драма театрының актері. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1978 жылдан - М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері. 1980-1983 жыл- дары, 1985-1994 жылдары - С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының актері. 1990-1995 жылдары - Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының актері. 1995 жылдың қыркүйек айынан бері - С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының әртісі. ҚР (2001), ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің (2002) құрмет грамоталарымен марапатталған. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2006). Мәдениет қайраткері (2006). Діни көзқарасы - ислам. Хоббиі - кітап оқу, домбыра тарту. Сүйіп оқитын әдебиеті - этно-фольклорлық тарихи әдебиет. Үйленген. Жұбайы - Кемалова Бижамал Далабайқызы, С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының әртісі. Ұлы - Кемал Саят (1986 ж. т.); қызы-Кемал Әнел (1994 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Bio-stub