Қайрат Ермекұлы Омаров

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Қайрат Ермекұлы Омаров (12 қаңтар 1963 жыл, Ферғана) — қазақстандық дипломат, Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы өкілі (2017–2020, 2024–), Америка Құрама Штаттарындағы бұрынғы елшісі (2013–2017). Омаровтың кіші сержант, I дәрежелі Төтенше және Өкілетті Елші және тарих ғылымдарының кандидаты атақтары бар.

Өмірбаяны

Омаров 1963 жылғы 12 қаңтарда Өзбек КСР-нің (қазіргі Өзбекстан), Ферғана қаласында Ермек пен Зейнеп Омаровтардың отбасында дүниеге келді.

Білімі

Омаров 1985 жылы Алматы шет тілдері институтын «ағылшын және француз тілінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдады. 2006 жылы ол «АҚШ ұлттық қауіпсіздік стратегиясының эволюциясы» диссертациясын қорғап, тарих ғылымдарының кандидаты атанды.

1985–1987 жылдары Омаров КСРО Қарулы Күштерінде әскери қызметте болды.

Еңбек жолы

Еңбек жолын Омаров 1987 жылы Алматы шет тілдері институтында оқытушы ретінде бастады. Бұл жерде ол бір жыл қызмет етті.

1988 жылдан 1989 жылға дейін Омаров Қазақстан ғылым академиясы тарих, этнография және археология институтының ғылыми қызметкері болса, одан кейін, 1991 жылға дейін ол Қазақстан жазушылар одағы жанындағы көркем аударма жөніндегі бас редакцияның ағылшын тілінен аудармалар бөлімінің бас редакторы болды.

1991–1992 жылдары Омаров — Қазақстан жазушылар одағының референті. 1992 жылы ол Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінде тағылымдамадан өтті.

1992 жылдан Омаров Қазақстан сыртқы істер министрлігі Еуропа және Америка департаментінің бірінші, екінші хатшысы және басшысы болды. Бұдан кейін, 1994 жылдан 1996 жылға дейін ол — Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі.

1996–1998 жылдары аралығында ол — Қазақстан сыртқы істер министрлігі Еуропа департаментінің директорының орынбасары, бөлім меңгерушісі. Одан кейін, 2004 жылға дейін ол Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінің кеңесші-уәкілі еді.

2004 жылдан 2004 жылға дейін Омаров Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметін атқарған. 2004 жылы ол, оған қоса, Қазақстан президенті әкімшілігі сыртқы саясат орталығының бас инспекторы бола тұрды.

2004 жылы Омаров Қазақстанның Үндістандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі,<ref>Үлгі:Cite web</ref> 2008 жылы Шри-Ланкадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref> болып тағайындалды. Екі лауазымнан ол 2009 жылғы 9 қыркүйекте босатылды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2009 жылдан 2013 жылға дейін ол — Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

2013 жылы Омаров Қазақстанның Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі атанды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

2017 жылы ол бұл лауазымнан айырылды да, 2020 жылға дейін Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұрақты өкілі болды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

2020 жылдан 2022 жылға дейін ол — Қазақстанның Аустриядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі және Венадағы халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілі.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Одан кейін, 2022 жылға дейін ол Қазақстанның Словениядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2022 жылы Омаров Қазақстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары атанды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> 2024 жылғы 16 мамырда ол бұл лауазымнан босатылды да, Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұрақты өкілі болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Жеке өмірі

Омаров үйленген, әйелі — Ғәлия Төлебайқызы Омарова. Ғайни есімді бір ұлы бар.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Әкесі — Ермек Жұмағәліұлы Омаров, анасы — Зейнеп Хәрісқызы Омарова.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Марапаттары мен атақтары

Омаровтың марапат пен атақтары:

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер