Қазақ тілі мен әдебиеті (журнал)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақ тілі мен әдебиетіғылыми-педагогикалық, әдістемелік журнал. 1958 жылдың наурыз айынан 1959 жылғы қарашаға дейін шығып тұрған. Алғашқы бас редакторы Т.Ақшолақов. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, 1991 жылы қайтадан шыға бастады. Журналдың

  • “Көкейтесті көзқарас”,
  • “Қазақ тілі: озық тәжірибе, ортақ әдіс”,
  • “Қазақ әдебиеті: озық тәжірибе, ортақ әдіс”,
  • “Оқулыққа қосымша”,
  • “Жас маманға жәрдем”,
  • “Тіл тарихы мен теориясы”,
  • “Әдебиет тарихы мен теориясы”,
  • “Өнеге сағаты”,
  • “Сабақтан тыс тәрбие”,
  • “Оңаша ой отауы”,
  • “Ұлттық тәлім-тәрбие: рухани уыз”,
  • “Лингвистикалық көмек: сөз төркіні”,
  • “Ел қазынасы – ескі сөз”, т.б. тұрақты айдарлары қалыптасқан.

ҚР Білім министрлігінің алқасының 1993 жылы 20 желтоқсандағы шешімі негізінде 1994 жылы шілдеде журналдың ғылыми тәлім-тәрбиелік “Ұлағат” қосымшасы жарыққа шыға бастады. Бұл тек Қазақстан емес, Орталық Азия республикалары бойынша ғылыми-психологиялық және педагоикалық мәселелерге арналған тұңғыш басылым. 2001 жылы басында, журналдан орыс мектептеріне арналған республикалық ғылыми-педагогикалық “Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде – Казахский язык и литература в русской школе” журналы бөлініп шықты.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том</ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}