Қазақтардың Қытай жеріне ауа көшуі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қытай жеріне, негізінен, онымен шекаралас қазақ аудандарыңдағы озбырлық пен ашаршылыққа төзбеген кожалықтар көшіп кетті. Олар Кеген, Жаркент, Талдықорған, Ақсу, Алакөл, Лепсі, Октябрь, Үржар, Тарбағатай, Жайсан, Қатонқарағай аудандарынан болатын. Осы аудандардан 1929-1931 жылдары 5993 шаруа қожалықтары Қытай жақ бетке өтті. Қазақтардың Қытайға көшуі біз жоғарыда қарастырған Ресей мен Орталық Азия республикалары жерлеріне өтуден әлдеқайда күрделі болды. Өйткені Қытайға көшу бір мемлекеттен екінші мемлекетке шекаралық тәртіпті бұзып көшу еді. Ал шекара бұзу мемлекеттік ауыр қылмыстың бірі саналатыңы белгілі. Голощёкиндік геноцидке шыдамаған қазақтар екі мемлекет шекарашыларының қарсы болғандығыңа қарамастан, шекараны бұзып өтуге ұмтылды. Шекарашылармен қарулы қақтығыстарға дейін барды. Осындай шайқастардың бірінде 734 қазақ каза тауып, 38-і жараланды. Шекарашылардан да адам шығыны болып, 24-і қайтыс болды. Қызыл шекарашылар шекарадан өткізбей қою міндетімен шектелмей, Қытай жеріне өткендердің соңынан куып барып, қырып салып отырды. Голощёкин Ресей мен Орталық Азиядағыдай Қытайға да бай-кулактар көшіп жатыр деп айтудан жалықпады. Кеңес үкіметінің жазықсыз айыптаулары мен озбырлықтарыңа шыдамай жеке бастары Қытайға өтіп кетіп, соңынан отбасы мүшелерін, туыстарын көшіріп әкету үшін қаруланып шекарадан қайта өткен қазақтарды «бандылар» деп жариялады. Мұндағы ойы босқын қазақтарды жек көрінішті, қылмыскер ретінде кәрсетіп, катаң да шұғыл жазалау шараларын өрістету еді.<ref>Қазақстан тарихы: Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдықгуманитарлық бағытыңдағы 11-сыңыбыңа арналған оқулық / М.Қойгелдиев, Ә.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 304 бет,суретті. ISBN 9965-36-106-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}