Орталық Азиядағы су проблемалары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Орталық Азиядағы су проблемалары

Орталық Азия республикаларының мемлекетаралық қарым-қатынастарындағы потенциалды проблемалардың бірі — көпшілік қоршаған ортаға антропогендік әсер етудің салдары ретінде қарауға бейім су ресурстарының жетіспеушілігі. Сондықтан көптеген су проблемаларының пайда болуы бір ауыздан кеңестік жоспарлы экономиканың мұрасы ретінде қарастырылады.

Қырғызстан мен ішінара Тәжікстанның аймақтағы су қожайындарына айналуының нәтижесінде, қазіргі кезде орын алып отырған алауыздықтар мен Орталық Азия республикалары арасында аймақтық су ресурстарын бөлісу мәселелері бойынша келіспеушіліктер пайда болды.

Оның үстіне сирек табиғи құнарлы аңғарларды (Ферғана аңғарындай), ірі және шағын өзен шұраттарын жөне тауларға жапсарлас аумақтарды есепке алмасақ, Орталык Азияның көпшілік бөлігін шөлдер мен шөлейт аймақтар құрайды.

Отырықшылық егіншілік мәдениеттің шектеулі ошақтарының Орталық Азияның нақ осы шамалы бөлігінде пайда болғаны кездейсоқтық емес. Сирек шұраттарда демографиялық жағдай табиғи жағдайларда шектеулі мөлшерден аспаған кезде судың жетіспеушілік проблемасы шын мәнінде пайда бола койған жоқ.

Жағдай Орталық Азияның Ресей империясының құрамына енуінен кейін біртіндеп өзгере бастады. Өйтені қоғамның дәстүрлі құрылымын өзгертуге бағытталған метрополия саясаты табиғи демографиялық жағдайға өз ізін қалдыратын еді.

Ресей Ғылым академиясы этнология мен антропология институтының Орталық Азия бөлімінің меңгерушісі В. Бушковтың пікірінше:

«Орталық Азиядағы судың жетіспеушілігі проблемасы XIX ғасырдың екінші жартысында, Орталық Азияның көптеген аудандарында малшы-көшпелілердің елеулі бұқарасын отырықшы өмір салтына көшірген кезде (мұнда әңгіме, негізінен, кейіннен мемлекеттің этнониміне айналған көшпелі өзбектер жөнінде болып отыр) пайда болып, сумен қамтамасыз ету мәселесі елеулі түрде шиеленісе түсті. Мысал үшін, сол кезде Қоқан кандығының өкімет орындары заманы үшін орасан болып табылатын жаңа ирригациялық тармақты салуга күш-жігерлерін жұмсады.»

Алайда техникалық мүмкіндіктер шаруашылықты жүргізудің жаңа жағдайларына бейімделуге мүмкіндік бермеді. XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың бас кезіндегі халықтың табиғи өсімінің күрт артуы басқа проблемалармен қатар су проблемаларының шиеленісуіне әкеп соқты.

«1906 жылға жататын бір құжатта: "Тәжіктер мүмкіндігі болған жердің бәрінде суарылатын жердің ауданын кеңейтуде, бұл мақсат үшін жаңа магистральдың арықтар Жүргізді және баяғыда тастап кеткен ескілерін қайта қалпына келтірді", — деп хабарланды.»

Сумен жеткіліксіз қамтамасыз етілу мәселесімен Ресейлік императорлық әкімшілік те кездесті. Оның "аштық" даласын суландыру жолында көп күш жұмсауына тура келді. I Николай атындағы, Романовский және Бахур-арық атанған каналдарды салудың нәтижесінде 1915 жылы 45 мың десятина жер суландырылды. "Аштық даласының" батыс бөлігін суландыру мақсатында 1912 жылы Ескі Түйетартар каналын тазарту жұмыстары басталды.

«Мұнда бір жарым айдың ішінде 100 мың адам жұмыс істеді, нәтижесінде 2 мың десятина жер суландырылды. XX ғасыр үшін жұмыстың жеткілікті дәрежедегі орасан көлемінің өзі, суды пайдалану төңірегіндегі күрделі жағдайдың сол кезде-ақ орын алғанын айтып тұр.(В. Бушков).»

"Бoc жатқан" жерлерді (бұл термин шынайы жағдай жөніндегі ұғымды бұрмалайды, өйткені олар жабайы жануарлар дүниесі мен мал шаруашылығы үшін тамаша маусымдық жайылымдар болған еді) белсенді түрде игеру, ,белсенді шаруашылық жүргізу аумағын кеңейтіп, әлеуметтік жағынан Орталық Азия халқының табиғи өсімінің қарқынын арттыруға себеп болды. Мысалы, Ресей империясының құрамына кірген уақыт ішінде бұл аймақтың халқы өсе түсті: Тәжікстан — 10,2 есе, Өзбекстан мен Түрікменстан — 7,2 есе. Кеңестік кезеңде халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі қыруар шараларды іске асыру қолға алынғанына қарамастан, Өзбекстанда 1980 жылдардың соңында аңғарлардағы елді мекендердің елеулі бөлігінде (оның ішінде Ферғана аңғарында орналасқандары да бар) өздерінің ауыз су көздері болған жоқ. Бұл аудандарға ол су тасушы көліктермен жеткізіліп, әрбір отбасына күніне екі шелек мөлшерінде ғана берілді.

1990 жылдары өзбек мамандары жүргізген есептер бойынша Ташкент облысы 2005 жылға қарай өзінің өмір сүруді қамтамасыз ету мүмкіндіктерін, оның ішінде су ресурстарын толықтай сарқып болмақ. Солтүстік Тәжікстан жан басына шаққанда сумен бүкіл республикадағыға карағанда 7 есе аз қамтамасыз етілген. Мысалға, Дальверзин даласын игерудің бүкіл барысында (1950 жылдардың ортасынан басталды) онда ауыз судың өте шиеленіскен жағдайы сақталып отыр. Бірақ ең апатты антропогендік әсер ету бір жағынан Қазақстанның Қызылорда облысы, Өзбекстан жағынан Қарақалпақстан жапсарласатын Арал теңізінің алабында қалыптасты. 1960 жылдан басталган Арал теңізінің жылдам құрғай бастауы, негізінен, су ресурстарын тиімсіз пайдаланудың салдары ретінде түсіндірілді.

Алайда ол жөнінде үнсіз қалуды орынды көретін тағы бір себеп бар. Теңіздің өле бастауы өзі аттас шөл даланы бойлай жасанды Қарақұм каналын салып, оны іске қосудан басталды. Түркістанның көптеген километрлерге созылып жатқан сусыз оңтүстік аудандарын суландыру жөніндегі КСРО Су ресурстары министрлігінің алып жобасы және Хауз-Хан, Копетдаг су қоймаларын жасау шын мәнінде жоғарыда еске алынған су ресурстарының көпшілік бөлігі Қарақұм каналының арнасына түскен соң күйдіріп тұрған күн астында шексіз шөл дала құмдарына сіңіп, кайтпайтындай болып жоғалып жатты. Әмудария ішінра Өзбекстандағы Әмубұхар каналы құрылысынан да зардап шекті.

Нәтижесінде, бүгінгі күні Арал суының 75%-дан астамынан, аумағының 50%-дан астамынан айырылып, бұрынғы жағалауларынан 100—120 км-ге кейін шегінді, бұрынғы теңіз түбінде 3,5 млн га жер қалды.

XX ғасырдағы ең зардапты экологиялық апаттың салдарлары

XX ғасырдағы ең зардапты экологиялық апаттың салдарлары:

Аралдың құрғаған түбінен тұздар мен шаңның ұшуы;
пестицидтермен қауіпті ластану және Сырдарияның тұздануы;
грунт сулары деңгейінің көтерілуі және құрылыстардың қирауы;
топырақ құнарлылығының төмендеуі және жайылымдардың толықтай азып-тозуы;
— өсімдік және жануарлар дүниесінің гендік корларының жоғалуы;
— халықтың тұрмыс жағдайы мен денсаулығының нашарлауы;
— жалпы және балалар өлімі деңгейінің өсуі.

Ауыз суы мен жер суаратын судың тапшылығымен қоса оның сапасы да күрт нашарлап кетті. Бұл өзендер мен коллекторлық-кәріздік тармаққа ауыл шаруашылығында пайдаланылған улы химикаттар және пестицидтермен ластанған суды, сондай-ақ өнеркәсіптік және коммуналдық шаруашылықтардан шыққан ластанған суларды ағызуға байланысты болды.

Аймақтың бес елінің негізгі су көздері екі мемлекеттің аумағында орналасқан. Арал теңізі алабының басты тамырлары Сырдария өзені (80%), негізінен, Қырғызстан аумағында және Әмудария өзені (83%) Тәжікстанда қалыптасады.

Аймақтың экологиясына кері әсер еткен тағы бір фактор (онсыз да су ресурстарына жұтаң аймақта) мақта өсіретін жерлердің ауданын кеңейту. Ылғал сүйгіш ауыл шаруашылығы дақылдарының бірі ретінде, оның су тұтыну деңгейі өте жоғары болды.

Техникалық мүмкіндіктеріне қарамастан ирригациялық ескірген технологиялармен жасалды. Нәтижесінде, 1950 жылдардың өзінде өзеннен алынған судың 50%-дайы, тек қана сүзілу процесіне жұмсалды. Істің мұндай жағдайы 1960 жылдары бетон науаларды қолдана бастағаннан кейін ғана біршама өзгерді. Алайда суаруға кететін су шығыны бұрынғыша қалып қойды, кейбір септеулер бойынша ол қажетті мөлшерден 4 есе асып кетті.

Толып жатқан күріш егістіктері де өз үлестерін қосты. Көктемде оларды терең арықтармен өзеннен алған сумен толтырды. Күзде қалдық суды өзенге қарай кері жібереді. Шалшықта көптеген балықтар қырылады. Жағдайдың қауіптілігі сондай, қазіргі мәселе Арал теңізін құтқару емес, Арал теңізінің маңайында тұрып, ішуге жарамайтын суды тұтынуға мәжбүр болып отырған адамдарға қалай көмектесу керектігі жөнінде болып отыр.

Бұлардан бөлек алыстағы 1970 жылдары Сібір өзендері суының бір бөлігін Қазақстан мен Орта Азияға жіберетін канал жобасы (ол ресми түрде "Солтүстік және Сібір өзендері суларының бір бөлігін елдің оңтүстік аудандарына жіберу жобасы" деп аталды) бойынша ол өтетін жерлердің табиғи жағдайларын зерттеген Арал гидрогеологиялық партиясының гидрологтері арнайы зерттеулер жүргізді. Олар ұшақпен барлау жұмыстарын жүргізген кездө Қарақұмда шағын көлдердің өте көптігіне назар аударды. Құм шағылдарының арасында олар қалай пайда болған? Жауапты жер бетіндегі зерттеулер берді. Көлшіктер жасанды техногенді болып шықты: жер асты артезиан сулары негізінде мал шаруашылығы мұқтаждықтары үшін бұрғыланған көптеген ұңғылардан немесе барлау немесе пайдалану ұңғыларынан атқылап жатыр екен. Жерге тесік бұрғылау қиын іс емес, ал нығыздап цементтеу әлдеқайда күрделірек. Міне, сондықтан да қымбат жер асты суы тектен текке желмен, күнмен құрғап, шығын болды. Осылайша Арал жыл өткен сайын судың орасан зор мөлшерін алй алмайды, жер асты горизонттары сарқыла бастайды, ал жер бетінде құнарсыз ақ дақтар мен тұз қабаттары пайда болады.

Орталық Азиядағы су ресурстарын тиімді пайдаланудың көкейкестілігі, көбінесе жер бетіндегі және жер асты суларын экологиялық жағынан ойлы, саналы пайдалану қажеттігімен өзара байланысты. Ондай сулар ішінара Аралдың айналасында, тұтастай алғанда бүкіл аймақта онша кші қалған жоқ. Су дилеммасы төңірегіндегі жағдайға талдау жасаған кезде Қырғызстанның өз көршілерін су және энергетикалық ресурстармен қамтамасыз етуге байланысты мәселелердің шешілу деңгейі Орталық Азия мемлекетерінің мемлекетаралық қарым-қатынастарының жағдайына тікелей тәуелді болатынын сенімділікпен атап көрсетуге болады.<ref>Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-216-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Орталық Азиядағы су проблемалары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}