Қазақстан жазушыларының ашу-ызасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Қазақстан жазушыларының ашу-ызасы» («Гневный голос писателей Казахстана»), Мұхтар Әуезовтің бірлесіп жазған мақаласы. «Казахстанская правда» газетінде 1938 ж. 8 наурызда жарияланған. «Қазақстан жазушылар ұжымы қабылдаған резолюция» айдарымен берілген. Онда Қазақстан жазушылары ұлы кеңес халқы қабылдаған үндеуіне қосыла отырып, Троцкий бастаған алаяқтарга қарсылықтарын біддірген. Одан ері біздің тамаша, іскер ұйым НКВД-ның арқасында талқандалған сатқын, аяр бандиттер халқымыздың ұлы көсемдері - Ленин мен Сталиннің емірлеріне қауіп тендірді. Олар бүкіл одақтың суйікті ұлы С. Кировқа қастандық жасады. Еңбекші таптын жетекшісі, совет әдебиетшілерінің досы әрі ұстазы, ұлы пролетар жазушы М. Горькийді өлтірді. Олар революциядан шабыт алган батырлар Менжинский мен Куйбышевты т. б. мерт етті деп, троцкийшілердің қылмыстарын тізіп шыққан.

«Халыққа қарсы кол көтерген мұндай жауыздарға жауап біреу-ақ, ол - құтырған фашистік иттердің бірін қалдырмай қырып салу. Ленин мен Сталин бастаган ұлы партияның қарулы қатарын нығайта тусеміз! Троцкийшіл-бухариндік жене ұлттық-фашистік иттердің бірін де қалдырмай айдап шыгамыз!»

деген даурықпа ұрандармен аяқталған. Хатқа Жамбыл, М. Қаратаев, Айманқұл, Ә., Шухов, Мүсірепов, Жароков, Мұқанов, Қамалов, Тәжібаев, Аманжолов, Дәулетбаев, Кузнецов, Хасановтар қол қойған.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақстан жазушыларының ашу-ызасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}