Қазақстан жазушыларының ІІІ съезін ашардағы сөз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан жазушыларының ІІІ съезін ашардағы сөз, 1954 ж. 3 қыркүйекте Қазақстан жазушыларының 3-съезін ашарда Әуезовтің сөйлеген сөзі. Бұл 50-жылдардың басында қатты саяси қуғынға ұшырап, республикадан кетіп қалуға мәжбүр болған жазушы жаңа басшылық тұсында қайтып оралғаннан кейін, оған көрсетілген зор құрметтің белгісі өді. Съезді ашардағы кіріспе сезді де Әуезов қазақ тілінде сөйледі. Оның аудармасы микрофон арқылы орыс тілінде оқылды. Бұл кез көп ұлтты кеңес әдебиетінің барлық табыстары, оның өткені мен болашағы тек қана социалистік реализм әдісімен, Коммунистік партияның басшылығымен байланыстыра қарастырылатын кез болғаны мәлім. Сондықтан қазақ әдебиетінің еткендегі табыстары мен болашақ көкжиектеріне көз жіберіп, бұл жәйттер міндетті түрде айтылмақшы еді. Әуезов осындай саяси талапты ескере отырып, көркем шығармашылықтың аса маңызды шарттарын баса айтты.

«Ашылғалы отырған съезіміз болса, қазақ совет едебиетінің 1939 жылдан бергі 15 жылда жүріп еткен жолына шолу жасайды, баға береді. Өткенге қорыту, байлау айтады. Келешекте калай өсу-өрлеудің бағдарын атап, барысын болжап береді» (20 томдық шығармалар жинағы, 19-том, 297-бет). Бұдан әрі әдебиет жайындағы сынау, ойлау, талдау сездер проблемалы болса ғана әдебиеттік құрылысқа, процеске есерлі, пайдалы болатынын ескерте келіп, Әуезов жасалатын баяндамалар мен сейленетін сездерде негізгі шығармашылық меселелер кебірек көтерілсін деген талап қойды. Әсіресе едеби сынның маңызына баса назар аударды.
«Проблемалы, жауапты ойға толы сын сөзі өсуге арналған сөз. Ол сын - өшіру үшін емес, өсіру үшін айтылады» (соңда, 298-бет).

Кіріспе сезінің соңында ұлы жазушы ашылғалы отырған жиын әрбір қаламгердің шығармашыпық өмірінде үлкен шоқтықты бел, биік асу есепті болсын, республиканың әрбір қаламгері өзінің жарқын шығармасымен ел ішінде ғана емес, бүкіл дүниежүзілік көлемде танылатын болсын деген ізгі тілек білдірді.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}