Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті (2001-2002)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚР Үкіметінің 2001 ж. 31 қаңтардағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 31 қаңгардағы № 165 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 4-5, 54-бап).</ref> ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды. Комитет туралы ережеде оның ведомстволық бағыныстылығы (та- қырыпшада, мәтінде және Құрылымында) өзгертілді<ref>"Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Құры- лыс істері жөніндегі комитетінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 1999 ж. 21 шілдедегі № 1022 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 1999, № 38, 320-бап).</ref>.

ҚР Үкіметінің 2002 ж. 26 қаңтардағы қаулысымен<ref>"Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган- дар туралы" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 26 қаңтардағы № 126 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 5, 33- бап).</ref> комитет туралы ереже және оның құрылымы бекітілді. Комитет сәулет, қала Құрылысы және Құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган болып белгіленді. Облыстарда, Астана және Алматы қалаларында комитеттің аумақтық басқармалары құрылды. Ережеге сәйкес Комитет сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі арнайы атқару және мемлекеттік бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырушы уәкілетті мемлекеттік орган болып табылды. Комитеттің негізгі міндеттері мыналар болды: сәулет, қала құры- лысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асырған кезде азаматтар мен қоғамның қолайлы әрі экологиялық қауіпсіз өмір сүру және тіршілік ету ортасына деген мүдделерін қамтамасыз ету, жобалау мен құрылыс өнімдерін тұтынушылардьщ құқықтарын қорғау, құрылыстың сенімділігі мен қауіпсіздігін, пайдаланған кезде салынған объектілердің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету; халықтың толық мәнді өмір сүру және тіршілік ету ортасын қалыптастыру, елді мекендердің табиғи ресурстары мен аумақтарын және қонысаралық аумақтарды қала құрылысына игерген, дамытқан және салған кезде оларды ұтымды пайдалану; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қаражаттарымен тарихи және мәдени мұра ескерткіштерінің сақталуын қамтамасыз ету; әлеуметтік, өндірістік, инженерлік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылымдарды дамыту; салаға инвестицияларды тарту және оларды тиімді пайдалану үшін ынталандыратын жағдайлар жасау; жобалау және құрылыс өнімдерінің ішкі рыногын қорғау, отандық жобалау мен құрылыс өнімдері сапасын және бәсекелеуге қабілетін арттыруға ынталандыратын жағдайларды қалыптастыру; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы интеграциялық процестерді терендету жүктеледі. Облыстарда, Астана және Алматы қалаларында комитеттің аумақтық бөлімшелері болды. Комитеттің құрылымы мынадай болды: басшылық; сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы; сәулет, техникалық сараптама және сатып алу басқармасы; экономикалық талдау және жоспарлау басқармасы; құрылыстағы техникалық нормалар мен жаңа технологиялар басқармасы; тұрғын үй құрылысы және құрылыстағы құқықтық реттеу басқармасы. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 29 шілдедегі қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасында сәулет-құрылыстық бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 29 шілдедегі № 840 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 25, 264-бап). </ref> ҚР-да сәулет- құрылыстық бақылаудың ережесі бекітілді. Құрылыс істері жөніндегі комитет және оның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларын- дағы аумақтық бөлімшелері сәулет-құрылыстық бақылаудың жүйесіне кіретіндігі және мемлекеттік сәулет-құрылыстық бақылауды жүзеге асыратындыгы белгіленді. ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы<ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шара- лары туралы" ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы № 931 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 28, 307-бап). </ref> ҚР Экономика және сауда министрлігі оны ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен ҚР Индустрия және сауда министрлігіне бөлу жолымен қайта ұйымдастырылды, оған өнеркәсіп, құрылыс және сауда, стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы функциялары мен өкілеттіктері берілді. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 12 қыркүйектегі қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 12 қыркүйектегі № 996 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 30, 330-бап). </ref> ҚР Индустрия және сауда министрлігінің құрылыс істері жөніндегі комитеті құрылды. ҚР Экономика және сауда министрлігінің құрылыс істері жөніндегі және Стандарттау, метрология және сертификаттау комитеттерінің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелері оларды ҚР Индустрия және сауда министрлігінің облыстардагы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшелері-мемлекеттік мекемелеріне біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылды. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 18 қарашадағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 18 қарашадағы № 1220 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 41, 414-бап)</ref> комитет тара- тылып, оның мүлкі жаңа құрылған ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетіне берілді.<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық:

Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель;
Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007.  ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}