Жобалау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жобалау - кәсіпорынды, үймеретті, ғимаратты салу немесе оларды жаңғырту үшін қажетті техникалық-экономикалық негіздемеден, сызбалардан, түсіндірме жазбалар мен басқа да материалдардан тұратын техникалық құжаттама (жоба) кешенін әзірлеу.

Объект құрылысының (жаңғыртудың) Құнын айқындайтын смета — жобаның ажырамас бөлігі. Жобалау күрделі Құрылысты жүзеге асыруда ғылымды өндіріспен байланыстыратын буындардың бірі болып табылады.

Күрделі қаржы жұмсалымының тиімділігі, құрылыстың сметалық құны, оның жүзеге асырылу мерзімі көбінесе техникалық-экономикалық негіздеменің Сапасына және жобалық шешімдердің деңгейіне байланысты.<ref>Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2</ref>

Елді мекендерді, кәсіпорындарды, құрылыстарды, өндіріс орындарын, т.б. тұрғызу, салу (қайта құру) не жасау үшін пайдаланатын техникалық-экономикалық негіздеуді, есептеуді, сызбалар, модельдер, түсініктеме жазбалар, т.б. дайындауды қамтиды. Ж. нысандарды бейнелеу түріне байланысты сызбалық жобалау және көлемдік жобалау болып ажыратылады. Жобалау процесін жылдамдату үшін автоматтандырылған сызғыш құрылғылармен жабдықталған ЭЕМ-і бар автоматтандырылған жобалау жүйелері қолданылады. Бөлшектер өлшемдерін құралымдық унификациялау (біркелкілендіру) және модульдік координаттау жүйесі өндіріске енгізілгеннен кейін, базалық құралым негізінде бұйымдардың бірқатар өзге түрлерін алуға мүмкіндік беретін жобалаудың сериялық тәсілі жолға қойылды. Әр түрлі өндіріс салалары бойынша жобалау арнайы жобалау мекемелерінде (институттарында) орындалады.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>


Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жобалау|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}