Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мұражай

Қазақстан Республикасының Ұлттық Мұрағаты - қоғамның рухани, мәдени, ғылыми, әлеуметтік - құқықтық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында Қазақстан халқының тарихи-мәдени құжаттық мұраларын сақтайтын мұрағаттар, мемлекеттіліктің нысандарын бірі болып табылады.

Мемлекеттің өркениеттілігінің деңгейі халықтың естелік құжаттарын сақтаушы мұрағаттарға деген көзғараспен бағаланады.

Жаңа астанада Ұлттық мұрағат құру идеясы бүгінгі уақыт талабына жауап. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен 2002 жылы 12 желтоқсандағы № 01- 8.15 тарихи хаттамалық шешімімен Ұлттық мұрағат ғимаратты 2003 жылы Астана қаласында салынатын мемлекеттік нысандар тізбесіне енгізілді.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Тарихы

1994 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағатшылар Астрахан мұрағатынан «Бөкей архиві Ішкі Қырғыз Ордасында (қазақ) 1794 жылы ұйымдастырылып, оның кезінде өмір сүрді» деген дерек тапты. Бұл деректеме Қазақстан мұрағат тарихын 2 ғасырға бір-ақ көтерді. Сөйтіп Қазақстан мұрағатының екі ғасырлық тарихы әлемге танылды. 1917 жылға дейінгі Ішкі Ордадан басқа аймақтағы Қазақстан тарихына байланысты деректер патша үкіметінің Орынбор, Түркістан, Дала генерал губернаторлықтары мен шекара комиссиясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Жер және халық ағарту министрліктерінде тағы басқа ведомстволық архивтерде сақталды. Ол құжаттардың бір азы 1921 жылдан Қазақстан мұрағаттар қорына өтті. Яғни 1921 жылы 5 сәуірде Қазақ Өлкелік бас архив ұйымдастырылып, ол 1922 жыл күзінде Өлкелік Орталық архив деп аталды.

1921 жылы алғаш ұйымдастырылған Орталық өлкелік мұрағат тарихи маңызды құжаттарды жинау, сақтау ісімен айналысып, бүгінде Орталық мемлекеттік мұрағаттың негізін құрап отыр.

Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты - Қазақстанда өзінің қорында 1 миллион 500 мыңдай істер сақтап отырған ең ірі де жан-жақты мұрағат және республикадағы кеңес дәуірі кезеңі құжаттарының бірден-бір қоймасы.

Кеңес кезеңіне дейінгі құжаттар негізінен патшалық отарлау әкімшілігі ұйымдарының:

  • Орынбор шекаралық комиссиясы,
  • Ішкі Қазақ Ордасын басқарудың уақытша кеңесі,
  • Округтік приказдар, облыстық басқармалар,
  • Далалық генерал-губернаторы кеңсесі,
  • Уездік басқармалар,
  • Статистикалық комитеттер,
  • Көші-қон басқармалары,
  • Санақ комиссиялары,
  • Облыстық және округтік соттар,
  • Жандарм және полиция басқармалары,
  • Тау-кен округтері,
  • Халық училищелері,
  • Оқу орындарының инспекторлары және т. б. қорларын құрайды.

Кеңестік дәуір кезеңі

Мұрағатта кеңес дәуіріне дейінгі кезеңнің барлығы 770-тен астам қорлары сақталуда. Мұрағаттың ең көне құжаттары Семей кедені қорында сақтаулы 1732 жылғы құжаттан басталады және қор құжаттарында Жоңғар, Қытай және Орта Азиялық хандықтармен сауда қатынасының тарихы орын алған. Кеңес дәуіріне дейінгі кезең құжаттарының хронологиялық шегі XVIII ғасырдың аяғынан 1917 жылға дейінгі кезеңді қамтиды.

Қараусыз қалған революцияға дейінгі тарихи құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мұрағаттардың негізгі міндетіне алынды. Ұлттық мұрағат қоры ұлттық құндылық ретінде бекітілген заңмен мойындалған тарихи, әлеуметтік, ғылыми, экономикалық, саяси және мәдени маңызы бар барлық мұрағаттардың, мұрағат қорларының және документалды ескерткіштердің жиынтығы болып табылады.

Себебі тарих қана ұрпақтар үндестігін жалғастырып, уақыттар арасындағы өзара байланыстар мен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді. Бөкей хандығы тарихымен тығыз байланысты алғашқы ұлттық құндылықтардың ошағына айналған мұрағаттар бірнеше дәуірлік сан қилы тарихты бастан өткерді.

Төңкеріске дейінгі дәуірде Қазақстан тарихына қатысты шашыраңқы тарихи маңызды құжаттар негізінен ведомстволық мұрағаттарда орналасты. Кеңестік дәуірдің алғашқы жылдарындағы саяси жағдайлар бірқатар маңызды тарихи құжаттардың Қазақстанмен шекаралас республикалар мен облыстарда қалып қоюына себеп болды.

Мұрағат құжаттарын пайдалану

Мұрағат құжаттарын пайдалану мәселесінде мұрағаттардың кеңестік дәуірде алдымен Коммунистік партияның мүддесіне қызмет атқарып, тек кеңестік жүйе ыдырығаннан кейін барлық пайдаланушыларға бірдей қызмет ете бастағаны белгілі.

Бүгінде еркін қол жеткізуге болатын мұрағат құжаттарын кез келген пайдаланушы өз мақсатына ашық пайдалана алады. мемлекеттің аса құпия мағлұматтары бейнеленген құжаттарды оның қауіпсіздігін қорғау мақсатында пайдалануға шек қойылған.

Мұрағат құжаттарымен жұмыс істеуде арнайы қабылданған ережелерді, яғни ақпаратты іздестіруде анықтамалық аппаратты пайдалануды, көне мәтіндерді оқи білу қажет.

Тарихи деректерді кеңінен пайдалану мәселесінде барлық мұрағаттардың ақпараттық қызметі интеграциялануы маңызды болып табылады. Ақпаратты пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтетін осы бағыт кең көлемді ақпаратты жылдам алуды қамтамасыз етеді.

Қоғамның білімге деген қажеттіліктері қазір жаңа тасушылардағы ақпараттарды қабылдауға мүмкіндік береді. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында шетелдерде Қазақстан тарихына қатысты жазба деректерді іздестірумен айналысатын археографиялық комиссиялар нәтижелі жұмыстар атқарды.

Шетелдік мұрағаттар, кітапханалар, ғылыми-зерттеу мекемелерінің сирек қолжазбалар бөлімдерінен іздеп табылған тарихи құнды құжаттардың біраз бөлігінің көшірмелері алынды. 2002-2005 жылдар аралығында барлығы 35 мыңнан аса тарихи құжаттар анықталды.

Отандық мұрағаттарда сақтаулы құжаттардың басым бөлігімен көпшілік және ғылыми орта таныс. Тарихи, мәдени, саяси маңызға ие құжаттарды түрлі салаларда пайдалану да кеңінен жүргізілуде. Мұрағат мекемесі құжаттарды мүлтіксіз қорғап, сенімді жерде сақтауды қамтамасыз етеді және ұлттық тарихи-мәдени мұраны іске пайдаланады.

Орталық мемлекеттік мұрағат ғимараты

Жаңа астанада Ұлттық мұрағат құру идеясы бүгінгі уақыт талабына жауап Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен 2002 жылы 12 желтоқсандағы № 01- 8.15 тарихи хаттамалық шешімімен Ұлттық мұрағат ғимаратты 2003 жылы Астана қаласында салынатын мемлекеттік нысандар тізбесіне енгізілді.

Бұл ТМД-ға елдеріне халықаралық стандарттар мен талаптарға сай жоғары технологиялық мұрағаттық құралдармен жабдықталған бірден – бір мекеме болып табылады.

Ғимаратты сипаттау

Сурет:Adic scalar 100.jpg
Электронды тасымалдаушылардағы мұрағаттың құжаттар қоймасы

Бұл қазіргі заман талабына сай көркем де әсем ғимарат, оның тоғыз қабатты, көк тіреген күмбезді қоймасы шығыстық стилдегі шексіздік пен тұрақтылықты бейнелейді, ал әкімшілік бөлігінің еуропалық стилі Есіл өзенінің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік елорда орталығын толықтырып тұрғандай.

Егерде Министрліктер ғимаратын аспанда қалықтап жүрген құстың бейнесіне ұқсатсақ, Ұлттық мұрағат ғимараты өткеннен болашаққа көз салған көз жанарына ұқсайды. Жалпы аумағы 12725 шаршы метрді алып жатқан ғимарат дәстүрлі түрдегі және электронды тасымалдаушылардағы мұрағаттың құжаттарды сақтауға арналған екі блоктан тұрады.

  • 1 блок – 9 қабатты мұрағат сақтау қоймасы (тік доминантты күмбез пішінінде);
  • 2 блок – 4 қабатты доға пішініндегі әкімшілік-басқару және зерттеу үшін қолданылады.

Бірнеше оқу залдары, синхронды аудармамен қамтылған конференц–зал, кино, көрме және интернет залдары, Ұлттық мұрағат қорларға арналған экспозициялық холлдар бар. құжаттарды консервациялау, өңдеу, микрофильмдеу және көшірме жасау лабораториялары орналасқан. Ғимарат ішкі ылғалдылығын бақылау үшін, өрт дабылы, газдық өрт сөндіру құралдары, бейнебақылау камералары, электронды рұқсат жүйесі және т.б. құралдармен жабдықталған.

Жалпы алғанда, мұнда халықтың құжаттық естеліктерін сақтаушы және жинақтаушы – мұрағатшылар қызмет атқаруға және құнды құжаттарды алдағы жүзжылдыққа сақтап жеткізуге жағдайлар жасалған. мұрағат ісін дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыруда мұрағат ісі, басқару қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету және құжаттама жүйесін дамыту мәселелері бойынша 70-тен аса нормативтік-құқықтық кесімдер мен әдістемелік құжаттар дайындалды.

Халықаралық қатынастары

Қазақстан үшін тарихи-мәдени құндылығы бар құжаттарды шетел мұрағаттарынан, кітапханаларынан және ғылыми мекемелерінен іздестіру және сатып алу жөнінде қабылданған шаралар нәтижесінде Ұлттық мұрағат қорының құрамы мен мазмұны едәуір байи түсті. Арменияда,<ref>Үлгі:Cite web</ref> Египетте,<ref>Үлгі:Cite web</ref> Ұлыбританияда,<ref>Үлгі:Cite web</ref> Германияда,<ref>Үлгі:Cite web</ref> Ресейде,<ref>Үлгі:Cite web</ref> АҚШ-та,<ref>Үлгі:Cite web</ref> Түркияда,<ref>Үлгі:Cite web</ref> Қытайда,<ref>Үлгі:Cite web</ref> Венгрия<ref>Үлгі:Cite web</ref> мен Польшада<ref>Үлгі:Cite web</ref> 35 мыңнан аса құнды тарихи құжаттық деректер анықталды.

Олардан отандық мұрағаттарда баламасы жоқ

  • 147 377 кадр микрофильм,
  • 16808 парақ құжат,
  • 785 мұрағаттық іс,
  • 27 шығыс қолжазбасының көшірмесі,
  • 52 киноқұжат,
  • 1819 фотонегатив,
  • 113 түрлі-түсті слайдтар,
  • 12 ортағасырлық карта көшірмесі,
  • 400 мұрағаттық құжаттар жинағы, анықтамалықтар сатып алынды.

Мұрағат ісі саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында Араб Египет Республикасы Мәдениет министрлігімен,Арменияның аумақтық басқару минис­трлігімен, Польша мемлекеттік мұрағаттары, Бас дирекциясымен, Түркия Премьер-Министрі жанындағы мемлекеттік мұрағат Бас дирекциясымен, Моңғолия<ref>Үлгі:Cite web</ref> және Өзбекстанның мұрағат ісі жөніндегі басқармаларымен, АҚШ Холокост мемориалдық мұражайымен келісімдер жасалды.

Ұлттық мұрағатта Мұрағат және ақпарат комитетінің Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттары және дыбыстық жазбалар мұрағаты Қазақстандағы АҚШ елшісінің грантын қолдана отырып өңдеген документальды фильмдерінің тұсау кесері, «Оқитын ел- бәсекеге қабілетті қоғамның негізі» атты Халықаралық Оқу Конгресі секциясының жиналысы, «Мұрағаттық мекемелердің баспасөз қызметі: қазіргі жағдайы және болашағы» атты республикалық ғылыми-практикалық семинары, «Электронды құжатайналым және мұрағаттар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар өткізілді.

Осы іс-шараларға Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының төрағасы Қ.Қ.Тоқаев, Мәдениет және ақпарат министрі Е.Е.Ертісбаев, Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, АҚШ елшісі Джон Ордвей, Словакия елшісі Душан Подгорски, ғалымдар, жазушылар, мәдениет, мұрағат және кітапхана мекемелерінің қайраткерлері, журналистер, астананың жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысты.

2007 жылдың 14-18 сәуір аралығындағы француз және неміс киносының фестивалі аясында Франция Елшілігі мен неміс тілі Орталығының бірігуімен әлемге әйгілі Клод Шаброль, Ренер В. Фассбиндер режиссерларының кинофильмдерінің көрсетілімі өтті.

Көрмелер

"Нұр Отан" Халықтық Демократиялық партияның ХII -ші съезі

"Нұр Отан" Халықтық Демократиялық партияның ХII -ші съезіне арнап мұрағаттық құжаттар көрмесі<ref>Үлгі:Cite web</ref> 2009 жылдың 15 мамырында Астана қаласының Тәуелсіздік сарайында өтті.

"Нұр Отан" ХДП-ның қызметіне арналған стендіде мұрағаттық құжаттар мен материалдар келесі бөлімдерде қойылды:

  • "Нұр Отан" ХДП-ның көшбасшысы-Н.Ә.Назарбаев,
  • "Нұр Отан" ХДП-ң құрылуы,
  • "Қазақстан Республикасының Президенттігіне Н.Ә.Назарбаевтың кандидаттығын ұсыну туралы партияның сайлау алдындағы блогының қызметі",
  • "Нұр Отан" ХДП-ның кезектен тыс съездерінің материалдары",
  • "Партияның шет елдері саяси партияларымен ынтымақтастығы",
  • "Партияның Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары мен азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастығы".

Құрамы мен мазмұны жағынан көрмеге қойылған құжаттар мен материалдар ерекше сипатқа ие және партияның құрылу кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейінгі даму тарихына жан-жақты шолу жасайды.

Бұл көрмеде қойылған құжаттар

  • Қазақстан Республикасы Президенті мұрағаты,
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаты,
  • "Нұр Отан" ХДП-ң Орталық аппаратының ведомстволық мұрағаты мен партия филиалдары қорларынан,
  • Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, партия ардагерлері мен белсенділерінің материалдарынан пайдаланылды.

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтар

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатында 2010 жылдың 6 мамырында «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» Қоғамдық бірлестігімен бірге Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65 жылдығына арналған «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтар» атты құжатты көрмесі өтті.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Көрме төменгі алты бөлімнен тұрады:

  • «Соғыс осылай басталып еді...»;
  • «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майданында»;
  • «Бәрі майдан үшін, бәрі Жеңіс үшін!»;
  • «Великий подвиг ваш история хранит»;
  • «Тарихта қалған ұлы ерліктер»;
  • «Астана қаласының «Мемориальдық зона» және Хромтау қаласының «Естелік» іздестіру отрядының қызметі».

Көрмеге

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты қорынан,
  • Ақпарат және мұрағаттар комитетінің Орталық мемлекеттік мұрағатынан,
  • Астана, Алматы қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шығыс-Қазақстан және басқа облыстардың мұрағаттық мекемелерінен,
  • Республиканың ардагерлер ұйымынан таңдап, іріктеліп алынған 200 астам құжаттар мен материалдар қойылды.

Қазақстан Республикасының Коституциясы – тұрақтылық, келісім, өрлеу

2010 жылдың 10 тамызында Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатының көрме залында Конституцияның қабылданғанына 15 жыл толуына орай «Қазақстан Республикасының Коституциясы - тұрақтылық, келісім, өрлеу» атты құжаттық көрменің ашылуы салтанаты өтті.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Бұл құжаттылық көрмесі 2010 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасды. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатында мемлекеттік мерекелер мен айрықша даталаға арнап Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендік кезеңіндегі жаңа тарихына қатысты мұрағаттық құжаттар мен материалдардан көрме ұйымдастыру әдеп-ғұрыпқа айналды.

Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы

Ел тәуелсiздiгінiң 20 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» атты құжаттық көрмесін өткізді.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Көрме 7 бөлімнен тұрды:

«Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев – Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы» бөлiмі:

  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің «Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне кірісу туралы» 1991 жылдың 10 желтоқсанындағы қаулысы
  • Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылдың 26 желтоқсанындағы Конституциялық Заңы және тағы да басқа құжаттар арқылы көрсетілген.

«Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі Декларацияны қабылдау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жариялау» бөлімін:

  • Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың 1991 жылдың 9 желтоқсанында «Қазақ КСР атауын өзгерту» туралы ҚазКСР Жоғарғы Кеңесіне жолдаған хаты;
  • 1991 жылдың 16 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы;
  • 1991 жылдың 20 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • 1991 жылдың 21 желтоқсанындағы ТМД-ға мүше мемлекет басшылары Кеңесінің хаттамасы;
  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің «Тәуелсіз мемлекеттер достастығын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» 1991 жылдың 21 желтоқсанындағы қаулысы атты құжаттар ашды.

Құжаттар құрамы бойынша «Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері», «Қазақстан және халықаралық ұйымдар», ««Қазақстан - 2030» стратегиясы - экономиканың қазақстандық үлгісі», «Арманы биік Астана» көрме бөлімдері де болды.

Көрмеге қойылуға Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты, Орталық мемлекеттік мұрағат және Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалар мұрағатының 250 мұрағаттық құжаттары мен материалдары іріктелініп алынды.

Басылымдар

Журналдар, нұсқағыштар, анықтамалар

Сурет:Қазақстан мұрағаттары.jpg
Қазақстан мұрағаттары журналы.jpg

«Қазақстан мұрағаттары» журналы - Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты тоқсанына 1 рет «Қазақстан мұрағаттары» атты ақпараттық және ғылыми-практикалық журналын шығарады. Бұл журналы қазақ және орыс тілдерінде басылып шығады. Қазақстан және ТМД елдеріне таралады.

Сурет:Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаты қорлары бойынша жөнсілтер .jpg
Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаты қорлары бойынша жөнсілтер

Басылымда жарияланатын мақалалар мұрағаттану, құжаттану және деректану, халықаралық қарым-қатынас мәселелерін қамтиды және Қазақстан Республикасы мемлекеттік мұрағаттарының жұмысы туралы ақпарат береді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаты қорлары бойынша жөнсілтер – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты» мемлекеттік мекемесі дайындаған Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатында сақтауда тұрған 1991–2008 жылдарғы құжаттар қорларының құрамы мен мазмұнын ашатын, құжаттық ақпараттармен алдын ала таныстыруға арналған ақпараттық-анықтамалық басылым.

Басылым негізінен мұрағаттан тыс жерде, сыртқы ортада базалық құрылымдық анықтамалық ретінде пайдалануға арналған.

Жинақтар

  • Нормативтік құқықтық актілер, мұрағат ісі саласындағы ғылыми-методикалық құжаттар жинағы туралы мәліметтер. (2001-2007)

Басылым 1998-2001 жылдар аралығындағы нормативтік құқықтық актілер, мұрағат ісі жайлы ғылыми-методикалық құжаттар жинағының жалғасы болып табылады. Жинаққа енгізілген құжаттар 2001-2007 жылдар аралығын қамтиды. Жинақ екі бөлімнен тұрады:
І. Нормативтік құқықтық актілер;
ІІ.Ғылыми-методикалық құжаттар.
Басылым – орыс тілінде.

Сурет:«Қазақстан астаналары» құжаттар мен материалдар жинағы.jpg
«Қазақстан астаналары» құжаттар мен материалдар жинағы

«Қазақстан астаналары» құжаттар мен материалдар жинағы

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты «Қазақстан астаналары» атты құжаттар мен материалдар жинағын шығарды. Бұл жинақ Қазақстан Республикасының Президенті мұрағаты, Алматы, Батыс-Қазақстан, Қызылорда облыстары және Астана қаласының мемлекеттік мұрағаттары, Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағаты, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты, Президенттік мәдениет орталығы және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат және мұрағаттар Комитетінің Орталық мемлекеттік мұрағаты қорларының құжаттары негізінде құрастырылған.

Жинаққа 135 құжат, 12 материал және 30 фотоматериал енгізілді.

«Электронды құжатайналым және мұрағаттар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары

Басылымда 2007 жылдың 7 қарашасында Халықаралық мұрағаттар кеңесінің Еуразия аймақтық бөлімшесінің (ЕВРАЗИКА) 8-ші жалпы конференциясы аясында өткен «Электронды құжатайналым және мұрағаттар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның баяндамалары, сөйлеген сөздер, ұсынымдар жарияланған. Жарияланған материалдар электронды құжатайналым және мұрағаттар жүйесінің дамуын, енгізу барысындағы талаптар мен негізгі принциптердің өзекті мәселелерін ашып көрсетеді. Басылым –орыс тілінде.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Әдебиеттер

  • «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы Қазақстан Республикасының заны», 1998ж
  • Мұрағат жаршысы 2002ж №1
  • “Қазақ Совет Энциклопедиясы”
  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшының жанынан құрылдған 2004-2006 арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі қоғамдық кеңес туралы ЕРЕЖЕ
  • "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің мәдени құндылықтарды ұрлауға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қарашадағы N 1083 Қаулысы
  • Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1044 Қаулысы
  • «Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындаудың ережелерін және пайдалану режимін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 20 тамыздағы N 218 Бұйрығы
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттiк бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2004 жылғы 13 қаңтардағы N 1277
  • «Мұрағат және тарих» Рысты Сариева 2004 ж.