Қазақстанның қала статусынан айырылған елді мекендері
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ресей отаршылдығы заманында Қазақстан жерінде әкімшілік орталық рөлін атқарған қалалар пайда болды. Олардың көпшілігі қазір де қала статусына ие (кейбіреуі тек номиналды түрде — Қазалы, Қарқаралы, Темір). Сол елді мекендердің біразы қазіргі уақытта қала статусынан айырылған:
- Жәнібек — 1928 жылға дейін қала.
- Ырғыз — 1868 жылдан 1925 жылға дейін қала.
- Ертіс — 1973 жылдан 1993 жылға дейін қала.
- Калмыков — 1887 жылдан 1899 жылға дейін қала.
- Қопал — 1854 жылдан 1927 жылға дейін қала.
- Көкпекті — 1854 жылдан 1926 жылға дейін қала.
- Ілбішін (Чапаев) — 1899 жылдан 1920 жылдарға дейін қала. Кейін кеңес заманында 1971-1996 жылдары қала статусында болған.
- Лепсі — 1880 жылдан 1920 жылдардың басына дейін және 1926-1927 жылдары қала.
- Торғай — 1868 жылдан 1928 жылға дейін қала.
- Ойыл — 1925 жылдан 1927 жылға дейін қала.
- Орда — 1918 жылдан 1928 жылға дейін қала. 1927 жылы уақытша Наримановск деп аталған.
- Үржар — 1926 жылға дейін қала.
- Сергиополь — 1831 жылдан 1860 жылға дейін қала. 1939 жылы қала статусын 1931 жылы іргесі қаланған станция маңындағы ауыл алды.
Қала статусынан уақытша айырылған қалалар:
- Арал — 1926 жылға дейін қала. 1938 жылдан бастап қайтадан қала.
- Атбасар — 1879 жылдан 1927 жылға дейін қала. Кейін қала статусына қайтадан ие болған.
- Қаражал — қала статусынан 1990 жылдары айырылып, кейінірек қайтарылған.