Чапаев (Батыс Қазақстан облысы)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мағына

Сурет:Чапаев панорама.jpg
Чапаев ауылына қош келдіңіз!

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан

Чапаев, ІлбішінБатыс Қазақстан облысындағы ауыл, Ақжайық ауданы және Чапаев ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

Облыс орталығы - Орал қаласынан оңтүстікке қарай 125 км жерде, Жайық өзенінің оң жағалық аңғарында орналасқан.

Сурет:Чапаев 2.jpg
Чапаев ауылы
Сурет:Чапаев.jpg
Чапаев ауылы

Халқы

1999 жылы тұрғындар саны 8344 адам (4254 ер адам және 4090 әйел адам) болса, 2009 жылы 8476 адамды (4110 ер адам және 4366 әйел адам) құрады.<ref name="source122">2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Үлгі:Webarchive</ref>

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 9642 адамды (4741 ер адам және 4901 әйел адам) құрады.<ref>2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары</ref>

Тарихы

Іргесі 19 ғасырдың басында қаланған. 1938 жылға дейін Ілбішін аталып келді. 1939 жылдан Азамат соғысының ардагері В.И.Чапаев есімімен аталады. Чапаевқа 1971 жылы қала мәртебесі беріліп, 1996 жылы қайтадан ауыл болды. Мұнда мекемелер мен бірлестіктер, шаруашылық орталықтары 1997 жылдан бері әр түрлі бағыттағы 14 шаруа қожалығы мен кооперативтерге және серіктестіктерге біріктірілген. Чапаев арқылы Орал — Атырау автомобиль жолы және Жайық өзенімен су жолы өтеді.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Ақжайық ауданы елді мекендері Үлгі:Жайық өзені бойындағы елді мекендер