Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары (тізім)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары – ең жоғары мемлекеттік марапатқа ие болған жауынгерлер (қ. Кеңес Одағының Батыры). Алғаш қазақстандықтар арасынан Кеңес Одағының Батыры атанғандар С.В. Гуденко, Е.С. Чуйков 1938 жылы Хасан көліндегі, В.К. Булавский, Н.Т. Видяшев, М.С. Зубарев 1939 – 40 жылдары қыста кеңес-фин соғысындағы шайқаста көрсеткен ерліктері үшін алды.

1941 – 45 жылдары Кеңес Одағының фашистік Германияға қарсы соғыс жылдарында қазақстандықтар ерлікпен шайқасып,

  • Украина үшін шайқаста 200-ге жуық,
  • РКСФР үшін – 70,
  • Белоруссияда – 50-ден астам,
  • Латвияда – 8,
  • Молдовада – 7,
  • Литвада – 6,
  • Эстонияда – 1,
  • Польшада – 47,
  • Венгрияда – 22,
  • Чехословакияда – 7,
  • Румынияда – 5,
  • Австрияда – 3,
  • Югославияда – 2,
  • Германияда – 63
  • және Жапонияға қарсы соғыста (Қиыр шығыста) – 3 жауынгер батыр атанды.

Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары арасында Қарулы күштердің барлық түрлері мен құрамаларының өкілдері, мамандары және қатардағы жауынгерден дивизия командиріне дейінгі әскери атағы бар адамдар болды. Солардың ішінде 100-ге тарта қазақ (сонымен қоса Кеңес Одағының Батыры атағын алған 11 қазақ республикадан тыс жерде туып, қарулы күштер қатарына сол жақтан шақырылған), 290 орыс, 86 украин, 8 татар, 7 өзбек, 3 мордва, 2 беларусь, бір-бірден тәжік, эстон, корей, лезгин, ұйғыр және еврей халықтарының өкілдері бар. Бұл жоғарғы атақты 4 адам (Т.Бигелдинов, Л.Беда, С.Луганский, И.Павлов) 2 мәрте алды. Қ. К. О. Б.:

1938 жыл

1940 жыл

1941 жыл

1942

1943

1944

1945

1946

Қазақстанда ұйымдасқан әскери құрамаларға қолбасшылық жасаған және тағдырлары белгілі бір кезеңдерде республика өмірімен тығыз байланысты болған, сондай-ақ Ұлы Отан соғысынан кейін Қазақстанға қоныстануға келген Кеңес Одағының Батырлары:

Соғыстан кейінгі жылдары Кеңес Одағы Батыры атағына ие болғандар:

Бұған қоса Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгер Б.Бейсікбаевқа Ресей Федерациясының Батыры (1996), Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы (1998), ғарышкер-ұшқыш Т.Мұсабаевқа Ресей Федерациясының Батыры (1994), Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы (1995) атақтары берілді.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары (тізім)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}