Сухамбаев Ағәділ
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Wikify Сухамбаев Ағәділ (1920, Байзақ ауданы – 1944) – Кеңес Одағының Батыры (24.3.1945).
Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>
Ауылдық мектепті бітіргеннен кейін, қолхозда жұмыс істеді. 1941 жылы Қызыл Армия қатарына алынды. 174-Борисовск Қызыл тулы атқыштар дивизиясының 628-Гродненск Қызыл тулы полкіндегі 1-батальон құрамында болды. Сухамбаев Беларусьны, Литваны, Польшаны азат ету үшін болған шайқастарға қатысты. «Стжельцовизна» деп аталатын поляк деревнясы үшін болған ұрыста ол Александр Матросовтың өшпес ерлігін қайталап, пулемет оқ шашқан доттың амбразурасын өз денесімен жапты. Туған колхозы, оқыған мектебі Сухамбаев есімімен аталып, орталығында Батырға ескерткіш орнатылған.