Қазақстандағы беларустар

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Этникалық топ Қазақстан белорустары (Үлгі:Lang-be, Үлгі:Lang-kk) — Қазақстандағы белорус диаспорасы. 2021 жылғы Қазақстан халқының санағы бойынша елдегі белорустардың саны 76 484 адамды құрады.<ref name="census2021" />

Тарихы

Қазіргі Қазақстан жеріне алғашқы белорустар Кастусь Калиновский көтерілісінен кейін келе бастады (солардың ішінде белгілі тұлға Бронислав Залесский болды). XX ғасырдың басындағы Столыпин реформасы кезінде белорус шаруалары жаппай қоныс аударса, сталиндік қуғын-сүргін жылдарында Владимир Дудицкий, Петро Битель, Симон Хурсик сынды мәдениет қайраткерлері еріксіз жер аударылды.

Ұлы Отан соғысы кезеңі екі халықтың рухани жақындығын нығайта түсті. Белоруссиядан Қазақстанға 10,7 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Олармен бірге Белорус опера және балет театры мен Якуб Колас атындағы драма театрының ұжымдары Алматыға көшірілді. 1941–1942 жылдар аралығында өнерпаздар әскери госпитальдарда 40-тан астам қойылым мен концерт өткізді.

Сол кездегі тарихи сәттердің бірі — белорус опера жұлдызы Лариса Александровскаяның қазақ бұлбұлы Күләш Байсейітовамен бірге Алматы мен Қарағанды клубтарында өнер көрсетуі еді. Сонымен қатар, 1942 жылы Алматы киностудиясында режиссер Владимир Корш-Саблин соғыс тақырыбындағы алғашқы белорус туындыларын («Белорус новеллалары») жарыққа шығарды.

Кейінірек, тың игеру науқаны басталғанда, мыңдаған белорус азаматтары республиканың солтүстік өңірлеріне келіп, Қазақстанның дамуына өз үлестерін қосты.

Тәуелсіз Қазақстандағы белорустар

XX ғасырдың соңына қарай Павлодар, Өскемен, Астана, Қостанай, Қарағанды, Көкшетау және Петропавл қалаларында белорустардың ұлттық-мәдени орталықтары құрылды. Бүгінгі таңда республика бойынша осындай оннан астам бірлестік ресми тіркелген. Ұлттық-мәдени бірлестіктердің ішінде жүйелі жұмысымен ерекшеленетін ұжымдар мен олардың жетекшілері:

  • Алматы аймақтық мәдени орталығы — жетекшісі Л.М. Питаленко;
  • Павлодар облыстық орталығы — жетекшісі Л.И. Богнат;
  • Қарағандыдағы «Наследие» (Мұра) белорус мәдениеті қоры — жетекшісі А.А. Хука;
  • Солтүстік Қазақстан облыстық орталығы — жетекшісі Р.В. Солапава;
  • Қостанай облыстық орталығы — жетекшісі Л.В. Шевченко;
  • Астана қаласындағы «Беларусь» орталығы — жетекшісі А.Ф. Романова.

Қазақстан белорустарының қауымдастығы өзінің ресми атауын 2002 жылғы құрылтай конференциясында бекітті. Оған дейін 10 жыл бойы «Беларусь» ұлттық-мәдени орталығы жұмыс істеп келген болатын. Оның негізін қалаушы әрі алғашқы жетекшісі — белгілі мемлекеттік қайраткер, сенатор Павел Атрушкевич.

Статистика

Сурет:Belarusians in Kazakhstan, 2025.png
Белорустардың Қазақстанның 2-деңгейдегі әкімшілік-аумақтық бірліктері бойынша қоныстануы (2025 жылдың басындағы бағалау)
Қазақстандағы белорустар санының динамикасы
Жыл Саны Үлесі (%)
1939 31 614 0,513
1959 107 463 1,154
1970 198 275 1,523
1979 181 491 1,235
1989 177 938 1,098
1999 111 927 0,748
2009 66 476 0,415
2021 76 484 0,400
Қазақстан өңірлері бойынша белорустар санының динамикасы
Өңір 1970<ref>Үлгі:Cite web</ref> 1979<ref>Үлгі:Cite web</ref> 1989<ref>Үлгі:Cite web</ref> 1999<ref>Үлгі:Cite web</ref> 2009<ref>Үлгі:Cite web</ref> 2021<ref name="census2021" />
Қазақстан 198 275 181 491 177 938 111 927 66 476 76 484
Ақмола облысы 35 437 29 607 28 283 19 475 11 927 12 054
Ақтөбе облысы 4 312 4 376 4 736 2 569 1 343 1 788
Алматы 4 444 5 205 6 912 3 438 1 782 3 238
Алматы облысы 4 325 4 273 4 721 2 053 879 1 578
Астана 6 186 7 091 8 220 5 761 3 752 6 021
Атырау облысы 1 711 1 127 1 066 347 217 480
Батыс Қазақстан облысы 6 030 5 805 5 112 3 577 2 146 2 425
Жамбыл облысы 4 046 4 539 3 986 1 481 602 973
Қарағанды облысы 40 157 37 608 35 731 21 579 13 370 14 488
Қостанай облысы 38 141 35 514 35 404 25 018 15 171 16 495
Қызылорда облысы 2 615 2 954 816 215 112 195
Маңғыстау облысы 1 471 1 547 1 697 612 260 441
Павлодар облысы 12 618 11 511 12 293 8 781 5 419 5 672
Солтүстік Қазақстан облысы 23 113 17 946 16 388 11 184 6 856 6 805
Түркістан облысы 3 775 3 362 3 488 1 312 641 298
Шымкент — — — — — 740
Шығыс Қазақстан облысы 9 894 9 026 9 085 4 525 1 999 2 792

Тағы қараңыз

Әдебиет

  • Беларускае замежжа // Энцыклапедыя. — Мінск : Беларуская Энцыклапедыя імя П. Броўкі, 2010. — 480 с. : іл. Цвёрдая вокладка. На беларускай і рускай мовах. ISBN 978-985-11-0534-8

Сілтемелер

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Қазақстан халықтары