Қазақбай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақбай (1850, Батыс Қазақстан облысы – өлген жылы белгісіз) - жыршы, айтыс ақыны. Ресей зерттеуші-ғалымы В. Карлсон 1906 жылы 23 наурызда Орал уезі, Жиренқопа болысынан Қазақбай мен Көшелек ақындарды Орынбор архив комиссиясына алдыртып, олардың орындауында күйлер, батырлар жырын тыңдаған. Осы жолы "Көрүғлы", "Қобыланды", "Төрехан", "Алпамыс", "Құбығүл", "Қыз Жібек", "Бекет", "Ербакы", "Бозжігіт", т.б. жырларды орындаған. Бізге ақынның Н.Байғанинмен сөз сайысының қысқаша нұсқасы ғана жеткен. Айтыста Қазақбай кете руынан шыққан байлар мен игі жақсыларды, ал Нұрпейіс шектінің батыр-билерін, өнерпаздарын мадақтаған. "Қобыланды" жырын қарақалпақтар арасына Қазақбай таратқан. Ақын туралы Е.Ысмайылов, О.Нұрмағанбетова, Қ.Сыдықов еңбектер жазған.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010. ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}