Көшелек Еламанұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Көшелек Еламанұлы - (1874, Шыңғырлау ауданы, Аша а. — 1951, сонда) — суырыпсалма ақын, жыршы. Көптеген өлеңдері ауыздан-ауызға тараумен сақталған. Жас кезінде Қобда, Елек, Шыңғырлау өңіріне белгілі ақын Жолмағамбет Сағынтайүлының қасына еріп, ән-күй, жыр, дастан үйренеді. Орал, Ақтөбе, Атырау, Орынбор аймақтарын аралап, жыр айтады. 1904-05 ж. Орынбор қаласында өткен суырыпсалма ақындармен айтыста жазылып алынған өлең жолдары күні бүгінге дейін сондағы мұражайда сақтаулы. Көшелектің Ұлы Отан соғысы кезіңде шығарған өлендері Орал облысы газетінде жарияланған.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Bio-stub