Қазанқап
Қазанқап – палеолит дәуірінің қонысы.
Орналасқан жері
Жамбыл облысы Сарысу ауданы жеріндегі Бетпақдалада, Шу өзенінің оң жақ жағасында Тантай және Қазанғап тауларында орналасқан.
Сипаты
Қазанқапты 1961 жылы Қазақстан ҒА Тарих, археология және этнография институтының Қаратау палеолит отряды (жетекшісі Х. Алпысбаев) ашқан.
Жұқа қабат тығыз құмдақтың астында көміліп қалған Қазанқап тұрағынан 300-дей әр қилы тас заттар аршылды. Олар қоңыр сары шақпақ тастан жасалған. Негізгі бұйымдар: клектон тұрпатты ауыр сандықтар, екі жақты (бифас) және бір жақты (унифас) шапқы құралдар, қырғыштар, қол шапқылар, өзектастар, т.б.
Қазанқап тас құралдары тұрпаттарының және оларды өңдеу тәсілдерінің Африкада, Үндістанда, Пәкістанда, Қытайда табылған заттармен типтік ұқсастығы Оңтүстік Қазақстан жерін адам сонау шелль-ашель дәуірінде мекендеген деп топшылауға мүмкіндік береді.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>Қ 18 Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық (толықтырылған 2 - басылым). - Алматы: "Аруна Ltd." ЖШС, 2010. - 786 б. ISBN 9965 - 26 - 175 - X</ref>