Қ
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қ, қ — кириллицаға негізделген әліпби әрпі.
Тілдің артқы шені таңдайдың артқы шеніне нық тиіп, содан кейін бірден ажырасуынан жасалатын дауыссыз дыбысты таңбалайтын әріп. Қ-ны айтқанда фонациялық ауа ауызқуысы арқылы үзіліп, шұғыл шығады. Қ - дауыс қатысы жағынан қатаң, айтылу жолы жағынан шұғыл, жасалу жағынан тіл асты дыбыс. Оның ұяң сыңары - "ғ".
Қ қазақ тілінде өте жиі қолданылып, сөздің барлық буынында кездеседі және тек жуан дауыстылармен тіркеседі. Мысалы, қайық, ақын, аққу. ботақан, құлыншақ, бардық<ref> Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 5 том</ref> <ref>Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ., Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика, А., 1962</ref>.
Әліпби | Реттік № | ІРА |
---|---|---|
Қазақ әліпбиі | 15 | q |
Тәжік әліпбиі | 15 | q |
Өзбек әліпбиі | 33 | q |
Қарақалпақ әліпбиі | 15 | q |
Абхаз әліпбиі | 25 | kʰ |
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Commons