Тәжік тілі
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Тәжік тілі — тәжік халқының тілі. Иран тілдерінің оңтүстік-батыс тобына жатады. Бірнеше говорларды біріктіретін 4 диалектіге бөлінеді:
- солтүстік-батыс;
- орталық немесе жоғарғы зеравшан;
- оңтүстік;
- оңтүстік-шығыс немесе дарваз диалектілері.
Әдеби тілі Самарқанд, Бұхара, Ферғана аңғары, Ұратөбе, Пенджикент говорларын біріктіретін солтүстік диалектісі негізінде қалыптасқан. Тәжік тілінде 6 дауысты және 24 дауыссыз фонема бар. Құрылымы жағынан флективті-аналитикалық тілдер тобына жатады. Септік жалғау мағынасы синтаксистік тәсіл арқылы беріледі, есімдер изафет арқылы байланысады. Етістіктің рай, шақ категориялары бар. Сөздік құрамында араб, орыс, өзбек тілдерінен енген сөздер жиі кездеседі. Ежелгі жазба ескерткіштері 9 ғасырдан бастау алады. Жазуы сан ғасырлар бойы араб әліпбиіне, 1930 жылдан латын, 1940 жылдан кириллицаға негізделген.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>
Сілтемелер
<references /> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}