Ғақылия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ғақылия – (Үлгі:Lang-ar) - дүние сыры терең таразыланған ой-пікірлер. Прозаның алғашқы қысқа, нұсқа үлгілерінің бірі. Ғақылия термині қазақ әдебиеті тарихында исламдық танымға байланысты Абайдың 38-қара сөзінде, Ы. Алтынсариннің "Шариат-ул-ислам" деп аталатын кітабында (Мұсылмандық тұтқасы, А., 1991, 18-6.), Мәди Меркішұлының "Туһфа уа жұмхурият" рисаласында (Ташкент, 1917. 24 6.) алғаш рет қолданыс тапқан.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref> Ғақылияға жүйріктер хакім, нақылияға жүйріктер ғалым аталады. Хакім ғалымнан биік тұрады, өйткені хакім ғылымның бір саласымен ғана айналыспай, ортақ заңдылықтарды танып ашуға ұмтылған бесаспап ойшылдығы себепті де бұл дәрежеге жете алады. Абай 38-сөзінде адамдарды төрт топқа бөліп қарайды. Осы себепті болса керек, М.Әуезов Абайдағы мораль философиясын сөз еткенде "38-қара сөзді" бөле-жара "ғақылият тасдихат" деп атауына терең ойлы таным жатады.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub