Ғарайып-ғариб

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ғарайып-ғариб - отанынан жырақта қалған, ешкімі жоқ бейшара. Сопылар отанын тастап ел-елді кезіп жүретіндіктен оларға Ғарайып-ғариб дейді. Адамның негізгі отаны - рух әлемі. Адам дүниеге уақытша қонақ ретінде келген. Ол бұл дүниеде Ғарайып-ғариб. Сондықтан рух өзінің негізгі отаны«Рух әлемін» сағынумен, аңсаумен бола- ды, оған қауышуды армандайды. Сонымен қатар өзін өзгелерге түсіндіре алмаған адамдар да Ғарайып-ғариб тобына жатады. Мысалы, надандар арасындағы ғалымдар мен зиялылар; пасықтар мен бұзықтар арасындағы әулиелер. Арифтің жеке басы, өзімен өзі жалғыз қалуы да ғариптік. Ұлы Абайдың «Моласындай бақсының жалғыз қалдым тап шыным» - деуі, осы Ғарайып-ғариб құбылысына мысал бола алады.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub