Надандық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Надандық<ref>"Қазақ Энциклопедиясы", 6 том</ref> – адам бойындағы білімсіздікті, қараңғылықты, мәдениетсіздікті білдіретін құбылыс. Ізгілік пен парасатқа негізделген ақылдың кемел формасы – сау ақыл болған жерде надандыққа орын аз. Өйткені кемел ақыл надандықтың дұшпаны. Надандықтың адамдық асыл қасиетке көлеңке түсіретін құбылыс ретінде білімсіздік, қараңғылықтан нәр алмақ. Бірақ надандықтың тек білімсіздікпен ғана анықталмайды, надандар жоғары білімді, тіпті арнайы ғылыми дәрежесі бар адамдар ішінде де бар. Надандықтың адамшылық қасиеттің кемел формасы – кісіліктің антиподы. Бойында кісілігі аз немесе жоқ адамның надандығы басым болады. Кісілікті адамның жаны жомарт болмақ. Жомарт жанға адамның үш қасиеті тән, олар: ыстық қайрат, нұрлы ақыл және жылы жүрек (Абай). Наданда қайрат болуы мүмкін, бірақ ол ыстық емес, салқын; ақыл болуы әбден мүмкін, бірақ ол нұрлы емес, суық-мұз; наданның жүрегі жылы болуы мүмкін емес. Жүрегі жылы жан надандықтан іргесін алыстата бермек. Надандықтың бір көрінісі – мәңгүрттік. Себебі наданда жылы жүрек болмаған соң, онда туған елге, тарихқа, мәдениетке, тілге, ата-анаға, бабаларына деген құрмет сезімі жоқ. Надан таза пайдадан өзгені көзіне ілмейді. Осы хәлді Абай: “Естілер де ісіне қуанбай жүр, ел азды деп надандар мұңаймай жүр” деп тұжырымдаған. Надандықтың күні өтіп кеткен құбылыс емес, ол қазіргі заманның аса қауіпті дерті. Әр елдің озық ойлы адамдары бұл дерттен арылудың жолдарын іздестіруде. Надандықтың әр түрлі деңгейлері бар, ол жеке адам басындағы Надандықтан,мемлекеттік саясатқа дейінгі сатылардың әрқайсысынан көрінеді.

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Надандық|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}