Ғапар Айтиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айтиев Ғапар (15.9.1912, Қырғызстанның Ош облысы 1-Төлеукен селосы — 1984, Бішкек) — қырғыз суретшісі, Қырғыз Республикасының өнер қайраткері (1941), КСРО халық суретшісі (1971), КСРО Көркемсурет академиясының корреспондент мүшесі (1973).

1935 — 38 жылдары Мәскеу бейнелеу өнері техникумында Н.П.Крымовтан оқыған. Поэзиялық-эпикалық сипатта бейнеленген “Ұжымшар ауласы” (1946, Бішкектегі Қырғызстанның бейнелеу өнері мұражайы), “Ыстықкөлдегі шаңқай түс” (1954, Третьяков галереясы), “Ақшам” (1974) аталатын пейзаждық картиналары, “Замандастар портреттері” топтамасы (“Р.Чокоева— биші”, 1979) т. б. 120-дай бейнелеу өнері туыңдысы бар. Бірқатар театр спектакльдерін көркемдеді. Қырғызстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1967). 2 рет Ленин орденімен т.б. ордендермен марапатталған.

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ғапар Айтиев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}