Ғаниз Құтысқызы Чукаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ғаниз Құтысқызы Чукаева1986 жылы 16 желтоқсан көтерілісіне қатысқан қазақ жастарының бірі.

1950 жылы 3 наурызда Алматы облысы, Гвардия ауданында, Калмагоровка ауылында дүниеге келген.

1968 жылы орта мектепті бітіріп шыққан. Талдықорған облысы, «Қарашоқы» ауылында комсомол комитетінің хатшысы болып, одан кейін аудандық партия комитетінің санақ бөлімінде қызмет атқарған.

1970 жылы малдәрігерлік техникумға сырттай оқуға түскен. 1974 жылы Свердловск орман комбинатында хатшы болып істейді, сол жылы тұрмысқа шығады. Қазіргі таңда Талдықорған аймағы бойынша мүгедек балалар қоғамының президенті қызметін атқарады. <ref>«Желтоқсан қарлығаштары» кітабы.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}