Ғали Бегалиев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ғали Бегалиев (1888, Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы - 1966, Алматы) – Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, филология ғылымдарының кандидаты (1943), доцент.
Өмірбаяны
- Қазандағы Мұхаммедия семинариясын (1902)
- Орынбордағы мұғалімдер курсын (1918)
- Мәскеу педагогикалық ғылыми инмтитутының аспирантурасын (1933) бітірген.
- Ауыл мектебінде (1910 - 12)
- Орал қаласындағы педагогикалық курста (1918 - 22)
- Ордадағы педагогикалық техникумда (1922 - 24) оқытушы
- облыстық, республикалық газеттерде тілші
- Қазақ педагогикалық институтында оқытушы
- Қазақстан Оқу министрлігінденде нұсқаушы
- Тіл және Әдебиет институтында бөлім меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер (1946 - 62) болды.
Ғылыми қызметі
- Бегалиев - 50-ден астам ғылыми-әдістемелік еңбектің авторы. Қазақ, орыс мектептеріне арналған қазақ тілі оқулықтарын жазып, білім беру мазмұнын ғылыми негіздеуге ат салысты. Орысша-қазақша және қазақ тілінің терминологиялық сөздіктерін жасауға қатысты.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002, ISBN 9965-607-02-8 </ref>
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Bio-stub {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}