Юрий Степанович Клушкин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Музыкант Юрий Степанович Клушкин (7 ақпан, 1937 жылы Өзбекстан, Ферғана қаласында туған) – оркестр солисті. Қазақстанның халық әртісі. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры. ҚРның Білім беру ісінің Үздігі.

Жалпы мәліметтер

Ұлты - Орыс. Ташкент мемлекеттік консерваториясын (1960) концерттік орындаушы мамандығы бойынша; Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын (1961) оркестрсолисі, оқытушы мамандығы бойынша бітірген. 1987 жылдан бастап Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үрмелі және соқпалы аспаптар кафедрасының профессоры.

Шығармашылығы

  • 1956 жылдан - М. Горький атындағы Мемлекеттік орыс драма театрының әртісі.
  • 1959 жылдан - Өзбек мемлекеттік эстрадасының әртіс-кернейшісі.
  • 1960 жылдан - ҚазКСР Министрлер кеңесі жанындағы Радио және телевизия комитетінің эстрадалық оркестрінің әртісі *1962 жылдан - ҚазКСР Мемлекеттік симфониялық оркестрінің әртісі.
  • 1979 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының оқу-тәрбие жөніндегі проректоры.
  • 1986 жылдан - Мемлекеттік симфониялық оркестрдің кернөйлер тобының концертмейстөрі.
  • 1988 жылдан - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үрмелі және соқпалы аспаптар кафедрасының профессоры әрі меңгерушісі.
  • 1993 жылдан бері - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының үрмелі және соқпалы аспаптар

кафедрасының профессоры.

Марапаттары

Жеке қасиеттері

Діни көзқарасы - атеист. Саяси қайраткер рөтіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Оптимистік». Сүйіп оқитын әдебиеті - классика.<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}