Элеонора Нығметқызы Баталова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тұлға Элеонора Нығметқызы Баталова (1949 жылы 5 ақпанда ҚХР Құлжада туған) — Қазақстан Республикасының ірі баспаларының бірі – «Алматыкітап баспасы» директорлар кеңесінің төрайымы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009). ҚР Баспа және полиграфия ісінің еңбек сіңірген қайраткері.

Толығырақ

  • Элеонора Нығметқызы Баталова 1949 жылы 5 ақпанда ҚХР Құлжада дүниеге келген.
  • Ұлты — қазақ.
  • 1976 жылы Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (бұрынғы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын) инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген.
  • 1983 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген.
  • Кітап саудасы мен кітап басып шығару проблемалары бойынша БАҚ-да шыққан көптеген жарияланымдардың, мектепке дейінгі жәнө мектептегі оқып-үйренуге арналған балалар танымдықжәне оқу әдебиеті басылымының авторы.
  • Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.

Еңбек жолы

  • 1964 жылдан - Алматы Ағаш өңдеу комбинаты ЕҚБ инженері, комсомол комитетінің хатшысы.
  • 1971 жылдан - «Қазұйымдастырутехникасықұрылыс» жобалау институтының аға инженері.
  • 1975 жылдан - Алматы қаласындағы Фрунзе «Союзпечать» бөлімшесінің бастығы.
  • 1979 жылдан - Алматы облыстық кітап саудасы директорының орынбасары.
  • 1980 жылдан - Алматы облыстық кітап саудасының директоры.
  • 1986 жылдан - «Кітаптарды - поштамен» республикалық дүкенінің директоры.
  • 1992 жылдан - «Алматыкітап» қалалық кітап саудасының бас директоры.
  • 1993 жылдан - «Апматыкітап» ЖШС президенті.
  • 2008 жылдан бері - «Апматыкітап баспасы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
  • Қазақстанның баспагерлер мен кітап таратушылар қауымдастығының президенті (1997 жылдан).
  • Кітап басып шығарушылар, полиграфистер және кітап таратушылардың

қауымдастығының құрметті президенті. Тәуелсіз мемлекеттердің кітап таратушылары қауымдастығының вице-президенті (Мәскеу қ., 2002 жылдан).

  • «Аруана» Іскер әйелдер қауымдастығы клубының президенті (2006 жылдан).
  • «¥лы Жібек жолымен» кітап және полиграфиялық жәрмеңкелері ұйымдастыру комитеті төрағасының ұйымдастырушысы (2001 жылдан).
  • Алматы қаласы Совет аудандық Халық депутаттары кеңесінің 17-19 шақырылымдарының депутаты.

Марапаттары

  • Экономика саласындағы екіжақты ұтымды ынтымақтастықты нығайтуға қосқан көрнекті еңбектері үшін «Ұлттар достығы» орденімен (Германия, 2008);
  • «Ерен еңбегі үшін» (1970) медалімен
  • «Баспа және кітап ісі саласының Маршалы» символдық атағы берілген болып есептелінетін Францияның Өнеркәсіпке қолдау көрсету қауымдастығының (SPI) Наполеон алтын медалімен (2003);
  • Баспа және кітап ісінің стратегиялық менеджментіне қосқан өлшеусіз жеке үлесі үшін Өнеркәсіпке қолдау көрсету қауымдастығының (SPI) төске тағылатын «Баспа және полиграфия ісінің қайраткері» (2005) құрмет белгілерімен (Франция, 2002)
  • Қазақстан Журналистика академиясының «Баспа ісін дамытуға сіңірген үлкен үлесі мен оқу әдебиетін жоғары кәсіби және полиграфиялық деңгейде шығарғаны үшін» құрмет дипломымен марапатталған (2008).
  • 2009 - Елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді
  • 2011 - "ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі
  • 2014 - Парасат ордені.

Отбасы

  • Әкесі — Әміров Нығмет (1922-1986), аудармашы болған.
  • Анасы — Әмірова Нәйлә Хасанқызы (1924-1987), мұғалім болған.
  • Тұрмыс құрған. Жұбайы — Баталов Әнуар Қасымұлы, кәсіпкер.
  • Ұлы — Баталов Райымбек Әнуарұлы (1970 ж. т.), «Райымбек-групп» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан кәсіпкерлері форумының төрағасы;
  • Ұлы — Баталов Таир Әнуарұлы (1972 ж. т.), «AGRIMER>^L1JC президенті; кіші ұлы — Баталов Наиль Әнуарұлы (1980 ж. т.), «Оптовый клуб» ЖШС бөлім бастығы.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер