Эйве Махгилис

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Max Euwe.jpg
Эйве Махгилис.

Эйве Махгилис (Макс) (20.5. 1901, Ватерграфсмер, Нидерланд – 26.11.1981, Амстердам) – голландиялық шахматшы, халықаралық гроссмейстер (1950) және халықаралық төреші (1951), шахматтан әлемнің бесінші чемпионы (1935 – 1937). Амстердам университетінің математика факультетін бітірген (1924), Тилбург университетінің математика докторы, профессор (1964). Бірнеше дүркін Голландия чемпионы (1921 – 1960) және ірі халықаралық турнирлердің жеңімпазы мен жүлдегері (1923 – 1958) болды. 1935 жылы қазан – желтоқсан айларында Голландияның бірнеше қаласында әлем чемпионы атағы үшін А.Алехин мен Эйве Махгилис арасында матч өтті. Бұл матчта 15,5:14,5 есебімен жеңіске жеткен Эйве Махгилис әлемнің бесінші чемпионы атанды. 1937 жылы Эйве Махгилисмен Алехин арасындағы қарымта матчта Алехин 17,5:12,5 есебімен жеңіске жетіп, өзінің әлем чемпионы атағын қайта иемденді. Эйве Махгилис соғыстан кейінгі жылдары да көптеген халықаралық турнирлерде құрмет тұғырына көтерілді. 1953 жылы Цюрихтегі, 1958 жылы Мюнхендегі үміткерлер турнирінде күш сынасты. 1970 – 1978 жылдары халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) президенті болып, шахмат өнерін дамытуға қомақты үлес қосты.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том;</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Эйве Махгилис|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}