Төреші

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Төреші - құқықта ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтардың қатысуымен экономикалық дау-дамайларды шешетін лауазым иесі. Делдал, аралық сот; кейбір елдерде — кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер арасындағы шаруашылық дауларды қарастыратын лауазымды тұлға. Төрешінің өкілетті міндеттері мен атқаратын қызметтері тиісті Төреліктің қызметтерін реттейтін заң актілерімен айқындалады. Төреші даулы істерді қарауға басшылық жасайды, тараптардың құқылары мен заңды мүдделерін қорғай отырып, іс бойынша шешімдер қабылдайды немесе шешім қабылдауға қатысады. Төреші заңдылықтың, мемл. тәртіптің бұзылғандығын, шаруашылық қызметінің кемшіліктерін айқындап, оларды жоюға және ескертуге, шара қолдануға міндетті. Өзіне берілген құқылар шеңберінде іс қарауға байланысты арбитрдың қойған талаптарын кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, сондай-ақ лауазымды адамдардың бәрі орындауға тиіс.

Төрелік

1. Сот делдалының көмегімен дауларды шешетін аралық сот. 2. Тараптар аралық сотқа жүгінген кездегі, даулы істерді шешу тәсілі.

Арбитражер

Тауар, қор, валюта және ақша рыноктарында, түрлі деңгейдегі валюта бағамдарының айырмашылығынан пайда табуды мақсат етіп, арбитраждық мәмілелерді жүзеге асыратын кредиттік-қаржылық мекемелер, ірі корпорациялар мен фирмалар.

Төрелік coт

Азаматтық құқықтық қатынастардың (экономикалық даулардың) не болмаса басқару саласындағы құқықтың бұзылуынан, шаруашылық және кәсіпкерлік қызмет үдерісі кезінде туындаған дауларды шешу кезінде өз мәні бойынша сот билігін танытатын орган. Тараптардың өзара келісімі бойынша, төрелік сотқа тәуелді экономикалық даулар, төрелік сот істі өз өндірісіне алып болғанша, Аралық соттың шешім қабылдауына берілуі мүмкін.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub:Заң

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}