Ысқақ Қажы Бәйбекұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ысқақ Қажы Бәйбекұлы (Ысқақәжі әулетінен ; 1856-1948), көріпкел әулие, ислам дінінің көрнекті өкілі. Руы — Кіші жүз Таманың Көзей бұтағы. Жасынан зерек, діни кітапты көп оқыған, «Мұқтасарды» жатқа білген. «Молда бала» атанып жүргенде кенеттен ауырып, содан жан тәсілім бергені, анасы Әз Тоқсанбай әулиенің қызы Ақборықтын қайтыс болған баласын үш күн күзетуге рұқсат алғаны, сол айтқан мерзімде балаға жан біткені аңыз емес — ақиқат. Соны кезімен көргендердің келер ұрпаққа қалдырып кеткен, табиғат кереметінің бір құпиясы. Осы оқиғадан соң ұсталыққа бой ұрған баланы Меккеге аттандырады. Ысқақ Қажы дүниені тәрк етіп, бүкіл ғұмырын рух жолына арнаған, жолға шыққан қарып-қасерді алдын ала біліп отырған. Кей жағдайда ат ергетіп өзі іздеп барған. Емдеп жазған адамдарынан ешбір сыйлық алмаған. Егер сыйларын көрпе астына тығып немесе туыстарының біреуіне беріп кетсе, соны иесіне қайтарғанша зікір салып, ауырып қалатын болған. Асқан жүрек тазалығы, карып-қасерге тиген шарапаты арқасында «Ысқақәжі әулие» атанған. Мазары Түгіскен ауылының солтүстік-батысында, 7 км жерде, Сарысу өзенінің оң жағасында. Басына теуеп егіп, түнеушілер қазір де бар.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}