Ысқақ Қажы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ысқақ Қажы Бәйбекұлы (Ысқа кәжі әулие ; 1856-1948), керіпкел әулие, ислам дінінің көрнекті өкілі. РуыКіші жүз Таманың Көзей бұтағы. Жасынан зерек, діни кітапты көп оқыған, «Мұқтасарды» жатқа білген. «Молда бала» атанып жүргенде кенеттен ауырып, содан жан тәсілім бергені, анасы Әз Токсанбай әулиенің қызы Ақборықтың қайтыс болған баласын үш күн күзетуге рұқсат алғаны, сол айтқан мерзімде балаға жан біткені аңыз емес — ақикат. Соны кезімен кергендердің келер ұрпаққа қалдырып кеткен, табиғат кереметінің бір құпиясы. Осы оқиғадан соң ұсталыққа бой ұрған баланы Меккеге аттандырады. Ысқақ Қажы дүниені тәрк етіп, бүкіл ғұмырын руһ жолына арнаған, жолға шыққан қарып-қасерді алдын ала біліп отырған. Кей жағдайда ат ерггетіп езі іздеп барған. Емдеп жазған адамдарынан ешбір сыйлық алмаған. Егер сыйларын керпе астына тығып немесе туыстарының біреуіне беріп кетсе, соны иесіне қайтарғанша зікір салып, ауырып қалатын болған. Асқан жүрек тазалығы, карып-қасерге тиген шарапаты арқасында «Ысқакәжі әулие» атанған. Мазары Түгіскен ауьшының солтүстік-батысында, 7 км жерде, Сарысу өзеннің оң жағасында. Басына теуеп егіп, түнеушілер қазір де бар. <ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}