Ысқақбай Марал

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ысқақбай Марал (1938 жылы туған, Жамбыл облысы Қордай ауданы Сұлутөр ауылы) – сыншы, жазушы, Қазақстанның еңбек сің. мәдениет қайраткері (1998).

  • ҚазМУ-дың филологиялық факультетін бітірген (1965).
  • 1964 – 71 ж. Алматы облысының Жамбыл ауданында мұғалім, оқу бөлімінің меңгерушісі, мектеп директоры қызметтерін атқарған.
  • 1971 – 1973 ж. “Қазақ Совет энциклопедиясының” Бас редакциясында,
  • 1973 – 1976 ж. Қазақ КСР-і Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемл. к-тінде редактор
  • 1976 – 1977 ж. “Қазақ кітап” бірлестігінде бас редактор болып істеген.
  • 1977 – 1984 ж. Қазақстан Компартиясы ОК-де жауапты қызмет атқарды.
  • 1984 ж. Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы қызметіне сайланып
  • 1985 – 86 ж. Мектеп” баспасында
  • 1986 – 1988 ж. “Жазушы” баспасында директор,
  • 1991 – 1997 ж. ҚР-ның Авторлық құқық жөніндегі мемлекеттік агенттігінің төрағасы
  • 1997 жылдан “Қазақстан авторлары қоғамы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып істейді.

Ысқақбай “Сұлутөрдің бөктері” (1975), “Ұят туралы аңыз” (1980), “Начало лето” (1982), “Жойқын төбе” (1984), “Мои соседи” (1985), “Көңіл жұбанышы” (1988), “Пенде ғұмыр” (1991), “Шығарма шырайы – шындық” (1994), “Ғашық боп көрмеген келіншек” (1996) деп аталатын прозалық, “Мүйізді Өтеген” (1999), “Баба ұраны” (2003) атты сыни, зерттеу кітаптары жарық көрген. Сонымен қатар “Женщина, не влюблявшаяся ни разу, разу” (2004), “Аударма”, “Жаныс” (шежіре кітап) (2004), т.б. кітаптардың авторы. 2006 ж. бес томдық шығармалар жинағы шықты. Ысқақбай концептуалды ойлы прозаның өкілі ретінде белгілі. Шығармалары сюжеттік тосындығымен, символға, аллегорияға бейімділігімен ерекшеленеді. Оның шығармалары бойынша “Қырық қыздың ауылы”, “Қияндағы қыстау” секілді телеқойылымдар, “Тамшы” көркем фильмі жасалған. 4 кітабы орыс тіліне аударылып, жекелеген туындылары беларусь, қырғыз, мари, якут, т.б. тілдерге тәржімаланған. Құрмет орденімен, “Еңбектегі ерлігі үшін”, “Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл” медальдарымен, Құрмет грамотасымен марапатталған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 7 том</ref>

Пайдаланылған cілтемелер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ысқақбай Марал|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}