Ынталы үңгірі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ынталы үңгірінеолит дәуіріне жататын ескерткіш.


Жамбыл облысы Сарысу ауданы Саудакент ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 4 км жерде, Шабақты өзеннің сол жағалауында орналасқан.

Алғаш рет Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институты жанынан құрылған Қаратау отрядының экспедициясы (жетекшісі Х.Алпысбаев) ашты. 1980 – 1990 ж. шамасында Жамбыл облысы тарихи-өлкетану мұражайының экспедициясы қарап шыққан. 2002 ж. Қазақстан – Ресей біріккен археология экспедициясы (жетекшісі А.П. Деревянко) қазба жұмыстарын жүргізді.

Ынталы үңгірінің ұзындығы 27 м, ені 3 – 5 м, биікт. 0,5 – 3 м аралығында. Алғашқы қазба жұмыстарының барысында неолит дәуіріне жататын тас бұйымдар табылып, кейіннен зерттеулер оны нақтылай түсті. 2002 ж. Ынталы үңгіріне кіре берісінен солға қарай 4 – 5 м жерден аумағы 1-2 м тікқазба (шурф) түсірілді. Одан ешқандай тас дәуіріне жататын материалдар ұшырасқан жоқ. Үңгір ішінен ортағасырлық қыш ыдыстарының сынықтары кездеседі. Ыниалы үңгірінен Саудакент ауылына қарай жүргенде 150 – 200 м жерден неолит дәуіріне жататын 40 шақты тас бұйымдары жинастырылған. Араларында өзектас, тас тілікше, т.б. еңбек құралдары бар.<ref>Тараз Энциклопедисяы</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Суретсіз мақала