Шәймерген Әлдибекұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шәймерген Әлдибекұлы (10.11.1939 жылы туған, Райымбек ауданында, Қайнар ауылында) — жазушы, Қазақстан Қазақстан жазушылар одағының мүшесі (1993). 1961 жылы Талғар ауыл шаруашылық техникумын, 1968 жылы ҚазМУ-ді бітірген. "Қайнар", "Жазушы", "Санат" баспаларында, Мемлекеттік баспасөз комитетінде, Алматы облыстық радиосында аға редактор, жетекші-редактор қызметтерін атқарған. Алғашқы өлеңдері "Жас керуен" (1969) атты ұжымдық жинаққа енген. "Нөсерден соң" (1974), "Бақыт жұлдызы" (1984), "Қайнар" (1982) "Көгілдір көкжиек" (1987), "Кегілдір таулар" (1990), "Болашақ чемпиондар" (1994), "Хан Тәңірі" (1997), "Тағы бір таң атты" (2002), "Алтын ғасырдан жарқын ғасырға" (2002) атты кітаптары жарық көрді. Сондай-ақ ол венгр жазушысы П.Верештің әнгімелер жинағын қазақшаға аударды.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Шығармалары:

  • Шопан ата. Очерк кітабы. А., 1970;
  • Нөсерден соң. Балаларға арналған өлеңдер. А., 1974;
  • Қайнар. Өлеңдер. А., 1982;
  • Бақыт жұлдызы. Балаларға арналған өлеңдер. А., 1984;
  • Көгілдір көкжиек. Өлеңдер мен поэма. А., 1987;
  • Көгілдір таулар. Өлеңдер мен поэмалар. А., 1990;
  • Болашақ чемпиондар. Балаларға арналған өлеңдер. А., 1994;
  • Хантәңірі. Өлеңдер мен поэмалар. А., 1997.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}